Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында 31 жасар ана "Алтын алқа" иегері атанғалы отыр

c 17:21, 19/07/2018 c 855

0:00 / 0:00

Азаматша жақында 7-ші сәбиін дүниеге алып келді. Отағасы Азамат Ирисбеков пен отанасы Айгерім Ушанова нәрестенің есімін Медина деп қойған.

7ші сәбиін дүниеге алып келген Айгерім Ушанованы перзентханадан шығарып алуға келе жатырған күйеуі Азамат Ирисбеков пен 6 баласның жүздері бал-бұл жанып келеді. Енді олардың отбасылары тағы бір адамға толығып жатыр. 34 жастағы отағасы ішкі істер саласында жұмыс жасайды. Бүгінде отбасы мемлекеттен берілген жалдық пәтерде тұрады. Ал отанасы 31 жасында "Алтын алқа" иегері атынып отыр. Отбасының үлкені-Ясмина 2008 жылы дүниеге келген, Тоғжан-2009 жылғы, Иса-2011 жылғы, Жібекжан- 2012 жылы, ал Мирас 2013 жылы туса, Диас 2015 жылы дүние есігін ашқан екен. Жаңа туған сәбидің салмағы 4 келі, бойы 54 см. Денсаулық сақтау басқармасы Айгерім Ушановаға денсаулық жағдайына байланысты енді бала көтеруге болмайтынын атап өтті.

Жас та болса, халық санын көбейтуге үлес қосып отырған отбасыға бала күтіміне байланысты көмектесетін адам жоқ. Айгерім бәріне өзім үлгіремін дейді. Ендігі бар армандары тұрып жатырған жалдық пәтерлерін жекеға айналдыру немесе өз баспаналарына қол жеткізу.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.