Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласына соңғы аптада екі айлық нормадағы қар мөлшері түсіп үлгерген

c 17:51, 12/03/2018 c 958

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде коммуналдықтардың жұмысын бақылап қайтқан шаһар басшысы Мұрат Мұқаев мәлімдеді. Қазір "Жайық таза қала" басты жолдар мен орталық көшелерді қардан тазалау үшін 2 ауысымда жұмыс жасауда. Бұл орайда тұрғындар өз аулаларындағы қарды сыртқа үйіп шығарып қойса, біз тиеп, жағалауға алып кетеміз. Осылайша еріген қар суынан келетін зардап сейілер еді,- дейді коммуналдықтар.

Қыс бойы қарға жарымаған өңіріміз көктем түсе ақ көрпеге оранды. Биыл ақ мамық мөлшері жылдағыдан тым аз деп, маусымдық жұмысқа техникасын сайлап отырған коммуналдықтардың қайтадан қолдарына күрек алып, қар аршуына тура келді. Күн жылынса қай аудандарды су басу қаупі бары анықталып, қазір сала мамандары әсіресе арық жүйесі жоқ көше бойларындағы жеке секторларда жұмыс қарқынын арттырған. "Жайық жылу қуат" ЖШС жұмысшылары екі ауысымда жұмыс жасауда. Күн сайын 300-ден астам жұмысшы қар аршуға шығады.

Күртік қар мен үй аулаларында үйілген ақ мамық күн жылынса көлегей теңіз суға айналары хақ. Сол себепті тұрғындар да коммуналдықтардың өтінішіне құлақ асып жатыр.

Тұрғын үйлер ауласының сыртына шығарылған қар үйінділерін "Жайық таза қала" жұмысшылары көлікке тиеп, арнайы жағауға жөнелтеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.