Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы Шаған өзені жағалауының оң жағында бастау алған веложол құрылысы, сол аймақтағы сұр құтандардың мекенін тастауына себепкер болмақ - деген кейбір ақпарат көздерінде жарияланған пікір - дақпырт әңгіме дег

c 00:00, 13/04/2015 c 590

0:00 / 0:00

Осыдан бірнеше күн бұрын кейбір ақпарат көздерінде жарияланған Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы Шаған өзені жағалауының оң жағында салынып жатқан вело жол құрылысы, сол аймақтағы сұр құтандардың мекенін тастауына себепкер болмақ - деген пікірге жиналушылар түбегейлі қарсы. Аты аталған мәселеге төбе көрсеткен мемлекеттік қызметкерлер мен эколог мамандар сұр құтандардың мекенін тастамауына біренеше себептер барын айтады. Көп жылдан бері құрылысы тұралап қалған қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы мына көпір, әйтеуір - дегенде қолға алынғаны рас. Қазірдің өзінде құрылысы жанданған бұл аймақ - келешекте көпірден әрмен қарай ұзындығы 2 шақырым, 600 метрге созылған қазақстандағы тұңғыш вело жол болатындығын, қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Алмас Пішенбаев атап өтті. Иә, бүгінде ел болашағы - деп танылған жастардың вело спортқа - деген қызығушылықтары қарқынды. Өңіріміздің өзінде бұл спорт түрімен шұғылданушылар қатары да жоқ емес. Бірақ, оларға бір кедергі болып тұрғаны, шет мемлекеттегідей таңдай қақтырып, келушілерді баурап алатын қауіпсіз вело жолдардың жоқтығы болып отыр. Мәселен, көп жылдан бері вело спортты жанына серік еткен Райымбек Мейренов, бұл вело жолдың ашылуын тағатсыздана күтуде. Негізінен, бұл игі бастамаға үндеу салған БҚО велосипед спорты федерациясының президенті екені даусыз. Кейін бұл жоба өңір басшысымен қолдау тапты. Еліміз бойынша, тек өңірімізде ғана ашылатын вело жол - құптарлық іс. Демек, ел мүддесі жолында қолға алынған бұл бастаманның тоқтамауын тіледік!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.