Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Онлайн оқу оңай ма?

c 20:25, 10/09/2020 c 689

0:00 / 0:00

Жаңа оқу жылының басталғанына 10 күн болмай жатып, қашықта оқытуға қатысты келеңсіздіктер орын алуда. Бүгінде бастауыш сыныпқа баратын оқушылардың 547 мыңы кезекші топта оқып жатыр.  Оның ішінде дәстүрлі форматта оқып жатқан ауыл мектептері бар. Жалпы 800 мыңнан аса оқушы мектепке барып жүрсе, қалғаны яғни басым бөлігі онлайн оқуда. Алайда, қашықта оқу оңайға соғып отырған жоқ. Көп жерде сапасыз интернеттің салдарынан оқушылар қиналуда.  Ал қашықта оқыту үшін 70 млн доллар қаржы бөлінді деген ақпаратты білім министрі жоққа шығарды.

Күні кеше ғана парламент депутаттары онлайн білім берудің сапасыз өтіп жатқанын, интернеті нашар өңірлер көп екенін айтқанды. Енді бірі оқушыларды мектепке қайтаруды ұсынғанды.Ал білім және ғылым министрлігі қашықта оқытуға млндаған қаржы қарызға алып, иегремй отыр деген сындар айтылғандыү Бүгінгі өткен брифингте білім министрі сөзін осы сыннан бастады. Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытуға бюджеттен 70 миллион доллар бөлінді деген ақпаратты жоққа шығарды.

Асхат Аймағамбетов –ҚР БҒМ "Біреулер қашықта оқытуға 70 млн доллар бөлінді депті. Мен бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді. Өйткені қашықтан оқыту тек биыл ғана, сәуір айынан бастап енгізілді. Жалпы төртінші тоқсанда қашықтан оқытуға бюджеттен ақша бөлінген жоқ. Себебі интернет платформалар өз ресурстарын тегін ұсынды. Өйткені төтенше жағдай режимі болатын"

Министрдің хабарлауынша, қазір 2,6 миллион оқушы қашықтан оқып жатса, 800 мың бала мектепке келіп  білім алуда. 435 мың компьютер уақытша берілді. Жақында 300 мыңнан астам мұқтаж азаматтарға таратылатын болады. Орташа күніне 2 миллиондай сабақ жүргізіледі. Күн сайын онлайн-платформалардан 70-80 миллион рет сабақтар қаралады деп ақталды. Дегенмен, министр қазір телеарналар арқылы көрсетіліп жатқан сабақтар үшін ақы төлеп жатыр. Ал Дүниежүзілік банкткен алған 67,5 млн доллар қарыздан бас тарттық. Себебі, ол келісімге сәйкес, компьютерлер 2021 жылы ғана сатып алынады. Сондықтан, бұл мәселені жергілікті органдар бюджеттен ақша бөліп, өздері шешті дейді Аймағамбетов. Ал сапасыз интернеттің кесірінен қашықта сабақ оқи алмай отырған оқушылардың мәселесін кім шешеді?

Өз кезегінде  денсаулық сақтау министрі қашықта сабақ беру форматын бірінші тоқсанда сақталатынын айтты.

Алексей Цой-ҚР ДСМ "Қазіргі кезде біз жеңілдету шараларын қарастырып жатырмыз. Бірақ бұның бәрі кезең-кезеңімен жасалатын болады. Онлайн түрде сабақ өткізу әзірге сақталады. Наурыздан бері елде балалар арасында ковид жұқтырған  2418 жағдай тіркелді. Оның 98 пайызы емделіп шықты. 34 бала емделіп жатыр. Яғни жабық нысандарда көпшілікті жинау қауіпті».

Осылайша, күзде тұмаудың өршуіне байланысты, еліміздің бас дәрігері оқушыларды жаппай мектепке қайтаруды шегіндіріп отыр. Ал білім мен цифрландыру министрлігі қашықта оқыту білім сапасына кері әсер етпейді деген сенімде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.