Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУ

c 22:23, 18/06 c 20

0:00 / 0:00

Бірінші кезекте Бектенов аймақ үшін маңызды-Тасөткел су қоймасына табан тіреді. Ауыл шаруашылығы саласында қазір суды үнемдеу технологияларын қолдана отырып, қайта құру жұмысы жүріп жатыр. Бұл су қоймасы облыстың екі ауданын тіршілік көзімен қамтамасыз етеді. Осы жерден гидро электр стансаға және басқа да нысандарға қажетті су беріледі.

ДАНИЯР АНАРБЕКОВ  - "ТАСӨТКЕЛ" СУ ҚОЙМАСЫ УЧАСКЕСІНІҢ БАСШЫСЫ Қазір қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бөгеттің сейсмикалық төзімділігін арттыратын екінші кезең дайын. Апаттық суағытқыш жүйесі салынды, дренаждық каналдар қайта жөндеуден өтті. Менің қол астымда 11 адам жұмыс жасайды. Біз қыста суды Созақ ауданына экокобустың көмегімен жібереміз. Қырғызстаннан Шуға бұл судың 80%-ы барады. ))

Өңір үшін 44 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитын өнеркәсіп секторының маңызы орасан. Ауданда барлығы 859 кәсіпорын бар, химия саласын дамыту бойынша ауқымды шаралар қабылдануда, оның үлесі - 37%. Бұл зауыттың жылдық қуаттылығы 1 млн тонна тыңайтқышқа жетеді. Ірі жобаларды жоспарлап, жаңа нарықты бағындыру жолын іздеуде.

АЛЬБЕРТ ЮН - МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ Біз қазірдің өзінде Бразилияға, Сербияға жүк тасымалдау көлемін бастадық, Иранмен келіссөздер жүргізілуде. Биыл біз Қытайға да өнімдерді жеткіздік. Тыңайтқыштардың жаңа маркалары мен жаңа түрлері жасалуда.))

"Jibek Joly" арнайы экономикалық аймағында (АЭА) жоспарланған инвестициялар құны - 231 млрд теңге. Жүктеме - 86,7%. Мұнда гербицидтер шығаратын зауыт, кассалық және түбіртек жолақтарын шығаратын цехтар және т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді.

ҚАЙРАТ МҰХАМБЕТҚАЛИЕВ - "JIBEK JOLY" АЭА БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ Сутегі пироксиді, қант зауыты. Бізде арнайы экономикалық аймақ (АЭА) инфрақұрылымның дайындығы, географиялық орналасуы мен шикізат базасы бар жан-жақты қамтылған зауыт болғандықтан өңірде сапалы қызмет көрсетушілер қатарында.))

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.