Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӨҢІР КАРДИОЛОГТАРЫ САЛАДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН ТАНЫСТЫ

c 14:52, 19/06 c 24

0:00 / 0:00

БҚО-да 100 мыңға жуық адам қан айналымы жүйесі аурулары бойынша диспансерлік есепте тұр. Оның ішінде 70 мыңға жуығы артериялық гипертензиямен ауырады. Мамандар аурушаңдық жастар арасында жиі анықталып жатқанын айтады.

ЭЛЬМИРА СҮЙЕУҒАЗИЕВА
ОБЛЫСТЫҚ КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Таяуда облыстан 15 қызметкер Қазақстан кардиологтарының халықаралық конгресінде болып, жүрек-қан ауруларын емдеу түрлері мен хаттамасы, жалпы медицина саласындағы өзгерістерге қанығып келді. Қазір жергілікті медицина қызметкерлерімен жинақтаған тәжірибелерімен бөлісуде. Конгреске қатысқан маманның бірі - Жаннета Бисенбаева. Дәрігер кардиология саласындағы жаңалықтармен таныс болғанын атап өтті. Ғалымдар ұсынған баяндамаларда мол ақпарат қамтылған. Конгрессте айтылған маңызды фактор - 2005 жылмен салыстырғанда қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім деңгейінің көрсеткіші төмендеген. Өйткені әлем дәрігерлері жасайтын жүрек оталары Қазақстан ауруханаларында да сәтті жасалуда.

ЖАННЕТА БИСЕНБАЕВА
БӘЙТЕРЕК АУДАНЫ 2 АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ЕМДЕУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Облыстық кардиологиялық орталық базасында жылына 300-ге дейін жүректің ашық отасы жасалады. Өткен жылы және биыл мастер класс негізінде денені кеспей, қан тамыры арқылы таби аппараты салынған. Мамандар ота үстеліне жатпас үшін уақытылы диспансерлік есепке тұрып, дәрігердің бақылауында болуға кеңес береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.