0:00 / 0:00
Елдегі тозығы жеткен жылу электр станцияларының жай-күйіне үкімет Екібастұз қаласындағы апаттан соң көңіл бөле бастады. Одан әрі Риддер қалаларындағы апаттар, Теміртау, Кентау, өткен жылы батыс өңірлерінде МАЭК кәсіпорнында апаттар орын алды.Тізе берсек, тозығы жеткен ЖЭС қай өңірде болмасын тіркеледі. Республика бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы шамамен - 13 мың шақырымды құраса, оның 7 мың шақырымын жаңарту қажет.Яғни елу пайыздан астамы тозған. Жалпы, Қазақстандағы ЖЭО орташа тозуы 66% жетті. Кеңес дәуірінен бері жөндеу көрмеген Осыған орай Үкімет «Жылуэнергетика» туралы заң жобасын және оған екі ілеспе заңдардың жобасын әзірлеп, мәжіліс қарады. Бұл заңмен ЖЭС жауапкершілігі күшейтіледі, мемлекеттік энергеткиалық бақылау қатаңдатылады дейді мәжілісмен Жаңбыршин. Алайда, бұл құжат мәжілісте талқыланған кезде кейбір депутаттар тарапынан сол ЖЭС ұстап отырған олигархтардың жауапакершілігін күшейтуді ұсынған болатын. Бірақ ол ұсыныс бұл заңға енбей қалды. Неге? Депутаттардың пәрмені жетпей қалды ма?
Мәжілісмен Перуашевтің пікірінше, жылу беру жүйелерін иемденіп отырған олигархтардан барлық шығынды өтеп алу керек.
Депутаттар олигархтарды жауапқа тарту ұсынысын енгізуге қайта оралғанша, Үкіметтің алдында 2030 жылға дейін елдегі жылу желілерінің тозуын 43 пайызға дейін төмендету мақсаты тұр. Оған қол жеткізу үшін жыл сайын шамамен 350 шақырым жылу желілерін жөндеу керек. Бұған жыл сайын 250 млрд теңге қаражат қажет. Қазір құзырлы органдар мен әкімдердің алдында апатты жағдайда тұрған 19 жылу орталығын жаңғырту жұмыстарын аяқтау міндеті тұр. Ал тоз-тозы шыққан ЖЭС жартысы жекенің қолында. Ашық дерек көздеріне сүйенсек, ЖЭС иемденіп отырған олигархтардың тізімінде Клебанов, Миттал, Машкевич,Ким және тағы басқа белгілі акционерлердің аты-жөні тұр. Бұлардың бәрі форбс тізіміндегі шіріген байлар.