Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА «ЖАЙЫҚ ТОЛҚЫНЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

c 16:19, 31/03/2023 c 149

0:00 / 0:00

«Жайық толқыны» фестивалі оқушылар арасында тарихи-мәдени мұраларды сақтау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында жыл сайын ұйымдастырылады. Дәстүрлі сипат алғанына қарамастан оқушылар қолөнер сынына зор ықыласпен қатысады. Биыл облыс және қала мектептерінен 98 оқушы ісмерлігі мен шығармашылық қарым-қабілетін танытуға ниет білдіріпті.

Ұйымдастырушылар қолөнермен тұрақты шұғылданып жүрген балалар үшін мұндай форматтағы жарыстар болашақ мамандықты айқындап, тәжірибе қалыптастыруға септігін тигізетінін айтады. Жәнібектік Динара Тастанова ою ойып, өрнек салады. Өз қолымен бесік, киіз үй жасап, ойсыл қара тұқымын, қуыршақ тігіпті. Әр туындысы ерекше ұқыптылықпен жасалып, оюмен өрнектелген.

Екі күнге жоспарланған фестиваль «Жас аспаз», «Жас күйші», «Жас көркемсөз шебері», «Жас шебер», «Жас дизайнер», «Жас мобилограф» номинацияларын қамтыды. Биыл «Жас мобилограф» аталымына қатысқан үміткерлер фестиваль барысын бейнеге түсіріп, монтаждап, әділқазы алқасына табыстады. Қатысушылар арасында шығармашылық додада алғаш рет бақ сынағандар да бар.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.