Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыста эпидемиологияық ахуал күрделі

c 17:55, 29/01/2021 c 594

0:00 / 0:00

Бір аптада аурушаңдық 44,2 пайызға өсті. Қаңтар айы басталғалы БҚО-да коронавирустық инфекцияның 1561 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Оның 992 жағдайында белгілері бар, белгілері жоқ 569 жағдай. Бұл жағдайлар эпидемиологиялық көрсеткіштер арқылы анықталды. Ай басынан бері тіркелген жағдайлардың 45,5 пайызы, яғни 711-і ЖРВИ белгілері бар науқастарды тексеру кезінде анықталған. Инфекция ошақтарын тексеру кезінде байланыста болған 501 адамда, кәсіби мақсатта тексеруден өткен 270 адамда, стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидқадағалау мақсатында ПЦР тест тапсырған 79 адамда вирустық инфекция табылған. Соңғы аптада, нақтырақ айтқанда 22-28 қаңтар аралығындағы аурушаңдық алдыңғы аптамен салыстырғанда 44.2 пайызға өсіп отыр. Яғни 353-тен 633 жағдайға дейін көтерілді. Аурушаңдықтың ең жоғары көрсеткіші Орал қаласында, Бәйтерек ауданында және Бөрлі ауданында тіркелген. Байланыста болған 2040 тұлға зерттеліп, медициналық бақылауға алынған. Қаңтар айының басынан бері жалпы 53 347 зерттеу жүргізілген. Айта кеткен жөн облыста мониторингтік топ жұмыстары нәтижесін бере бастады. Сала мамандарының айтуынша, көпшілік және мерекелік шаралар қазір тиылған. Осы орайда мониторингтік топ тұрғындардың топтасу деректерін енді арнайы бағдарламаның көмегімен анықтайтын болады. Яғни, мобильді қосымша арқылы адамдардың жиналған жері базаға автоматты түрде түсіп, топ бақылауға алынады. 1 ақпанға дейін облысқа 1000 дозалы вакцина әкелінеді. Ол - Ресей Федерациясында өндірілген «Спутник -V» вакцинасы. Екпені бірінші кезекте медицина қызметкерлері алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.