Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыста дельта штамы анықталды

c 16:31, 02/07/2021 c 832

0:00 / 0:00

БҚО -да дельта штамын жұқтырған бірнеше науқас ауруханада ем алуда. Олардың жағдайы ауыр. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында мәлім болды.Ауруханаларға күніне 100-ден аса науқас түсуде. Олардың дені 60-тан асқан егде жастағылар. Және үнділік штамды жұқтырғандардың жағдайы ауыр. "Бұл вирустың қауіптілігі сол-адамдар арасында өте тез жұғады",- дейді дәрігерлер. Індеттің алғашқы белгілері дене температурасының көтерілуі, әлсіздік, яғни тұмауға ұқсас. Оған қоса құсып, бас айналып, іш өту симптомдары да қатерлі аурудың белгілері болып отыр.Дельта штамы еліміздің барлық аймағында тез таралуда. Облыста дәл осы қауіпті вирусты жұқтырған 18 науқас ем алып жатыр. Бүгінде медициналық мекемелерде орын саны шектеулі. Аурушаңдық осы аптада 38,2 пайызға артып отыр.Аурудан айығудың тиімді тәсілі-екпе алу. Өңір тұрғындары еліміз бойынша вакцина қабылдау көрсеткіші жағынан соңғы орындарда. Жаңа қаулыға сәйкес енді екпе қабылдамағандар қызмет орнына ПЦР қорытындысынсыз кіргізілмейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.