Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НЕМІС ҰЛТЫНЫҢ МӘДЕНИ АПТАЛЫҒЫ

c 14:16, 01/08/2023 c 82

0:00 / 0:00

Этностар апталығын өткізудің мақсаты - әр ұлттың салт-дәстүрі, әдебиеті мен  мәдениетін таныстырып, өңірдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған. Бұл мүмкіндікті «Хаймат» неміс мәдени-ағарту қоғамдық бірлестігі қалт жібермеді. Достық үйіне жиналған этнос өкілдері іс-шараның алғашқы күнінде кітап көрмесімен танысып, ұлттық тағам түрлерінен дәм татты.

ГЕННАДИЙ ФРАНК

«ХАЙМАТ» НЕМІС МӘДЕНИ-АҒАРТУ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Облыста 600-ден астам неміс ұлтының өкілі тұрады. Оның 100-ге жуығы «Хаймат» бірлестігінің мүшелігіне өткен. «Тілдік курстар», «Әлеуметтік жобалар», «Неміс жастарының клубы», «Еріктілер қозғалысы» сынды жобалар арқылы мәдени-тарихи бағыттағы жұмыстар қолға алынған. Өңірдегі ұлттар достығының тірегі саналатын «Хаймат» орталығының қызметіне «Қоғамдық келісім» КММ мен өзге этнос орталықтарының берер бағасы жоғары.

ФЕЛИКС БАЮКАНСКИЙ

«ЛАМЕД» ЕВРЕЙ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

ИГОРЬ СПИРИДОНОВ

«ОРАЛ-ЖАЙЫҚ КАЗАКТАРЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Облыста 16 мәдени этнос орталық бар. «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Медхат Қамбетов  әр орталық қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің ұйытқысы болуға атсалысуда деп атап өтті.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.