Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Назардан тыс қалған ауылдар

c 09:24, 09/10/2020 c 643

0:00 / 0:00

Сенаторлар  «Ауыл – ел бесігі» жобасын сынға алды.Бұл бағдарлама ауылды дамытуды толық қамтымаған, еш жүйелілік жоқ деді сенат депутат Әли Бектаев үкімет басшысына жолдаған сауалында. Жобаға енгізілген тіректі және спутниктік елді мекендерді іріктеу қағидалары түсініксіз. «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасына енген инвестициялық жобалардың әлеуметтік тиімділігі төмен. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Еңбек», «Бизнестің жол картасы - 2025» сияқты мемлекеттік бағдарламалармен үйлестірілмеген. Ауылдардың инфрақұрылымдық проблемаларын түбегейлі түбегейлі шешуге арналған бастамалар жүйелі жоспарланбаған, - дейді депутат. Ал сенатор Ақылбек Күрішбаев грарлық саланы дамытуда  ауыл шаруашылығындағы жағдай туралы сатистикаға күмән келтірді.

Агарария ел экономикасының дамуында шешуші рөлге ие болуы керек деген ұрандар күнде айтылады. Ал сол ауыл шаруашылығы ауылдықтардың қолында. Алайда, ауылдың жағдайы мәз емес. Инфрақұрылым жоқ. Әлі күнге дейін ауыз суға, жарыққа қол жеткізе алмай отырған елдімекендер бар. Цифрланған Қазақстанның ауылға иісі де барған жоқ. Ал үкіметтің  «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы атына заты сай болмай отыр.Бағдарламаны сынға алған сенаторлар  мұнда ауылды дамыту толық қамтылмаған, еш жүйелілік жоқ дейді. Жобаға енгізілген тіректі және спутниктік елді мекендерді іріктеу қағидалары түсініксіз. «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасына енген инвестициялық жобалардың әлеуметтік тиімділігі төмен. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Еңбек», «Бизнестің жол картасы - 2025» сияқты мемлекеттік бағдарламалармен үйлестірілмеген. Ауылдардың инфрақұрылымдық проблемаларын түбегейлі түбегейлі шешуге арналған бастамалар жүйелі жоспарланбаған. Ал шалғай жатқан ауылдар тіпті ескерусіз қалған. Әсіресе шекарадағы елдімекендер. Сенатор Бектаев  бұл жер тұтастығына қауіп дейді.

Сенатордың  айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 2019 жылы бөлінген 448 миллиард теңге қаражаттың 1,6 миллиард теңгесі ғана ауылдарда тұрақты жұмыс орындарын ашуға септігі бөлінген. Ал 2020 жылы ауыл аумақтарында ашылатын 20 мың жұмыс орындарының 800-і ғана тұрақты болмақ. Яғни әр төрт елді мекенде орта есеппен бір ғана тұрақты жұмыс орны құрылған. Депутат Премьер-министр Асқар Маминге ауыл халқының өмір сүру деңгейі жайында зерттеулер жүргізіп,  «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын барлық тиесілі бағдарламалармен үйлестіре отырып Ұлттық бағдарлама ретінде қайта қабылдауды ұсынды. Өз кезегінде депутат Ақылбек Күрішбаев ауыл шаруашылығы жайындағы деректерге күмән келтірді. Сенатордың айтуынша, қазір ауыл шаруашылығындағы жағдай туралы жедел ақпарат жинаумен статистика мекемелерімен қатар жергілікті атқарушы органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері айналысады. Алайда, олардың деректері дұрыс емес. Статистика әкімдердің  жұмысын бағалауда  басты құрал болып отыр. Сол себепті  ауылдағы жағдай туралы жалған ақпараттар беріледі. Яғни әдемі баяндамалар үшін жиналған мәліметтер тек қазынадан қаржы алу үшін жасалады.

Сенатор  үкіметке деректердің шынайлығы үшін жауапкершілікті арттыруды ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.