Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Нашақорлық өршіп тұр

c 12:03, 10/11/2020 c 650

0:00 / 0:00

Елде нашақорлық өршіп тұр. Бүгінде синтетикалық есірткі заттарын қолдану артқан. Мұндай есірткіге қол жеткізу қиындық туғызып отырған жоқ. Интернет бетін жайлаған жарнамаға ұрынған жастар нашақорлықтан көз жұмып жатыр. Жыл басынан бері республика бойынша 100 келіге жуық синтетикалық есірткі заттары тәркіленді. Бұл жайында  ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Тілеген Мәткенов мәлімдеді.

Нашақорлар құмартып отырған синтетикалық есірткінің саудасы қызып тұр. Тек биыл 100 келіге жуық  синтетикалық есірткі тәркіленіп, оның құны  бір миллиард теңгеден асып отыр. Былтыр оның көлемі небәрі екі келі ғана болғанды. Осыған орай 33 қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз есірткі айналымын ұйымдастырған 6 қылмыстық топ жойылды дейді ішкі істер министрлігі өкілі.

Сондай-ақ,  жеті бірдей есірткі зертханасы анықталып, 65 келі дайын есірткі заттары және оны дайындауға арналған 140 литр психикалық белсенді заттар тәркіленген. Есірткі заттары үй жағдайында жасалады. Қылмыстық топ қажетті шикізатты шетелден алғызып отырады. Есірткі интернетте еркін сатылады. Интернет бетін жайлаған жарнамаға ұрынғандар жастар нашақорлықтан  көз жұмып жатыр.

Министрліктің ресми мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері синтетикалық есірткіге қатысты 650 қылмыстық құқықбұзушылық анықталды. Соның ішінде осы заттарды сатудың 238 фактісі бар. Ескірткіні таратуға арналған 850-ден астам сайт бұғатталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.