Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Намысыма тиді»

c 10:00, 24/12/2020 c 848

0:00 / 0:00

Ресей депутаттарының Қазақстан жеріне қатысты негізсіз мәлімдемелері әлі де болса тоқтар емес. Ресей мемлекеттік думасының  депутаттары жарыса жасаған мәлімдемесінде Қазақ жері Ресейдің берген сыйлығы дегенін айтуда. Мұны қазақстандықтар арандаушылық деп бағалап отыр. Ал еліміздің сыртқы істер министрі бұл мәлімдемелер Ресейдің ресми ұстанымы емес деп отыр. Ресейлік депутаттардың Қазақстанға қатысты даулы сөздерінен кейін, көрші елге нота жолданған болатын. Бүгін өткен жалпы отырыста мәжілісмендерді осы мәселе алаңдатты.

Аумағы бойынша әлемде 9 орынды алатын қазақ жеріне көз сүзгендер негізсіз, жалған пікірлерін, мәлімделерін айтудан жалығар емес. Жуырда Ресей Федерациясы мемлекеттік думасының депутаты  Вячеслав Никонов  "Қазақстанның территориясы – Ресейдің үлкен сыйы" деген болатын. Никоновтың бұл сандырағын өзге де әріптестері қолдап шыға келді. Ресейлік саясаткерлердің бұл сөзі қазақ қоғамында үлкен резонанс туғызды. Парламент депутаттары, саяси партиялар мен еліміздің қоғам белсенділері мұны арандатушылық  деп бағалады.

Министр   көрші елдің саясаткерлерінің Қазақстан туралы даулы сөздері Ресейдің ресми ұстанымына сәйкес келмейді дейді. Дегенмен, қазақ болғасын намысыма тиді дейді ол.

Өздеріңізге мәлім,бұған дейін  сыртқы істер министрлігі Ресейге нота жолдағанды. Ресей жағынан келген хабарламға сәйкес, олардың парламентіне, президент әкімшілігіне мұндай сөздерді айтуға болмайды деген ескерту жасалыпты дейді еліміздің бас дипломаты. Алайда, кешірім сұраған көршіні көрмедік.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.