Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Миллиардтар қайда кетіп жатыр

c 20:04, 12/09/2019 c 924

0:00 / 0:00

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан квазимемлекеттік секторға бөлініп жатқан мемлекеттік қаражатты қысқартуды талап етті. Бұл жайында ол Парламент Мәжілісінде  2020-2022 жылдарға арналған бюджетті талқылау барысында айтты. Оның пікірінше бюджетті жоспарлау жүйесін толығымен өзгерту керек. Ал қазынадан жүздеген млн доллар ақша бөлініп отырған квазимемлекеттік секторларды жапқан жөн.

Үкімет Мәжілістің қарауына 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасын енгізді. Басты қаржы құжатын май шаммен қараған депутаттар мен қоғам белсенділері млндаған қаражаттың негізсіз жұмсалатынын, қаржыны игеру аясында кемшіліктер орын алатынын аңғарды. Жалпы бюджет қаражатын тиімсіз игеру үрдісі жылда қайталатын жағдай. Ол үшін сынап та жатады. Шенеуніктерге сөгіс те береді. Бірақ жазадан жеңіл құтылғандықтан ба, қазынаның ақшасын оңды-солды талан-таражға салып жұмсау тоқталар емес. Ал алдағы үш жылдық бюджеттен жүздеген миллион доллар квазимемлекеттік секторды, яғни "Самұрық-Қазына" қорына қарасты компаниялардың жарғылық капиталын толықтыруға қарастырылып отырғаны қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанның ашуын келтірді. Ол саны көп ұлттық компанияларды қысқартуды ұсынды.

Квазимемлекеттік сектор ақша нарығы үшін қауіп те төндіреді. Себебі, квазимемлекеттік сектордың уақытша бос қаражаты қазақстандық екінші деңгейлі банктердің есеп-шотында жатады. Оған қоса, бұл сала шағын бизнеске кедергі болып отыр. Еске сала кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында тиімсіз ұлттық компаниялардың санын қысқартуды тапсырған болатын.

Наталья Годунова – ҚР есеп комитетінің төрайымы

«Квазимемлекеттік секторға қатысты президенттің жолдауында үкіметке нақты тапсырма берілді. Ол  бойынша жұмысты бастады. Қазанда ұлттық компания құруға мораторий жарияланған. Қазір үкіметпен бірлесіп осы тапсырманы қарап жатырмыз. Жыл соңына дейін нақты шешім шығарумыз керек»

Ал  салалар бойынша қазына қаржысын бөлу мәселесі де сынға ілікті. Қорғаныс саласынан гөрі, құқық қорғау органдарына қаржы көп бөлініп отыр. Жиында әскери саланы күшейту қажет деген ой айтылды. Өткен жылы қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот,  қылмыстық-атқару салаларына 500 млрд теңге бөлінген болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.