Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет агенттігінің БҚО бойынша департаментіне жаңа басшы

c 17:33, 22/06/2022 c 1280

0:00 / 0:00

Мемлекеттік қызмет агенттігінің БҚО бойынша департаментіне жаңа басшы келді. Ұлттық кадр саясаты мәселесі бойынша комиссияның келісімімен және меритократия қағидаттарына сәйкес Мұрат Байсалов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болып тағайындалды. Жаңа басшыны облыс активіне, ұжымға таныстыру жиынына БҚО әкімі Ғали Есқалиев те қатысты. Бүгін жаңа басшыны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы Әлібек Ахмедьяров облыс әкімімен, өңір активімен және департамент ұжымымен таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласының тумасы Мұрат Сейлбекұлы журналисттерге берген сұқбатында бұл саланы цифрландыруға баса мән беру жоспары бар екенін тілге тиек етті. Саланың жұмысын жетілдіру -қағазбастылықтан айрылу,- дейді. Мұрат Сейлбекұлы 1988 жылы туған. Ол Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі кадрлық қамтамасыз ету департаменті мемлекеттік қызмет өткеру басқармасының бас сарапшысы болып бастаған. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 11 жылдан асады. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтер департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.