0:00 / 0:00
Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қадағалауында жекеменшік білім ордаларын қоса алғанда 62 мектеп және 8 мектеп-интернат бар. 1-4 сынып оқушылары, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттары үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырылады. Білім беру объектілеріндегі тамақтану сапасына бағалауды бракераждық комиссия жүргізеді.
ГАУХАР ДҮЙСЕҒАЛИЕВА
ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Биылғы оқу жылында шаһардағы №45 мектепте 1-4 сыныптың 246 оқушысы мен жекелеген санаттағы 85 оқушы тегін тамақпен қамтылады. Бұған жергілікті бюджеттен 23 млн 369 мың, жекелеген санаттағы балаларға 2 млн 257 мың тг, жалпыға бірдей білім беру қоры 10 млн тг-ден астам қаржы қарастырылған.
АЛИМА ТӨРЕҒАЛИЕВА
№45 ЖББМ ДИРЕКТОРЫ
Эпидемиолог мамандардың айтуынша, биыл білім беру ұйымдарында оқушылардың тамақтан улану фактілері тіркелмеген. Ал азаматтардан өтініш түскен жағдайда қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жеке қаралатын болады.