Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРЫН ҮЙДЕ БАҒЫП ОТЫР

c 17:10, 21/02/2023 c 92

0:00 / 0:00

2022 жылы Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебі қолданысқа берілген. Құрылысы аяқталған нысанға жапсарлас 40 орындық мектепке дейінгі шағын орталықта да салыныпты. Жуық арада бүлдіршіндерге есігі айқара ашылатынын естіген тұрғындар бірден балаларын балабақшаға жаздырған. Алайда содан бері 5 ай уақыт өтіпті. «Балаларымызды амалсыздан үйде ұстап отырмыз» деп мұңын шақты жамбылдық ата-аналар.

Бұл мәселе бойынша облыстың құрылыс басқармасы тиісті құжаттарды дайындау үстінде көрінеді. Жамбыл жалпы орта білім беретін мектебі әкімшілігінің мәлімдеуінше, құжаттың жоқтығынан лицензияға қол жеткізе алмай, балабақша өз жұмысын бастай алмай отыр. Тұрғындар жағымды жаңалықты Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекелері қарсаңында естиміз деп үміттеніп, біраз күткен.

Жамбыл елдімекенінде 30-ға жуық мектеп жасына дейінгі бала бар. Оның 25-сі шағын орталықтың тізіміне тіркелген. Бүлдіршіндерді отбасы мүшелері, туыстары мен көршілері кезектесіп бағуда. «Мектеп әкімшілігі уәдесінде тұрып, 1 наурызда балабақша жұмысын бастаса, аз күнге амалдай тұруға бармыз» дейді үміт үзбеген тұрғындар.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.