0:00 / 0:00
Еліміздің БАҚ күтіп отырған «Масс-медиа» туралы заң жобасы мәжілістің қабылдауынан өтті. Бірінші оқылымда талқылау барысында аккредиттеу мен баспасөз картасының тұжырымдамалық айырмашылығының болмауына байланысты бұл норма дау тудырғаны мәлім. Нәтижесінде жұмыс тобы баспасөз картасы деген ұғымды заңнан алып тастады. Сондай-ақ “бұқаралық ақпарат”, “діни телебағдарлама”, “теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік” ұғымдары да алынып тасталды. Тағы бір мәселе журналистердің материалдың ескіру мерзіміне қатысты өзгеріс енді. Журналистің материалына қатысты арада қаншама жыл өтіп кетсе де мына журналист ар-намысыма, қадір-қасиетім мен іскерлік беделіме нұқсан келтірді деп сотқа жүгініп жататындар бар.
Депутаттар бұл заң жобасына айтралықтай өзгеріс енгіздік деп отыр.
Құжатта көрініс тапқан тағы бір өзгеріс- мемлекеттік органдарға жолданған сауалдарға жауап беру мерзімі 7 күннен 5 күнге қысқарды. Журналистер қауымы 3 күн сұрағанды.
Масс-медиа туралы заң жобасына дауыс беру барысында 85 депутаттың екеуі қарсы болды. Соның бірі депутат Жаңбыршин қазақ тілін қолдау мен ЛГБТ-ға қарсылық білдіру нормасы өтпеді дейді .
Сонымен аталған құжат Мәжілістен Сенатқа жолданды.