Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ТӨЛЕЙТІН 10 ПАЙЫЗ АЛЫНЫП ТАСТАЛАДЫ

c 08:43, 06/09 c 31

0:00 / 0:00

Кез-келген қоғамдық тамақтану орындарына бас сұқсаңыз, сізге қызмет көрсеткен даяшының ақысын төлеуге міндеттісіз. Яғни мейрамханалар мен дәмханаларда міндетті түрде клиент чегіне 10% мөлшерінде қызмет көрсету бағасы қосылады. Мамандардың айтуныша, “Қызмет көрсеткен үшін ақша төлеу керек деген норма “Тұтынушлырдардың құқықтарын қорғау” заңында көрсетілмеген. Бұл тек адамды төлеуге міндеттеу болып табылады. Яғни заңсыз түрде ақы алып отыр. Ал екінші жағынан қарасақ, мейрамханалар мен дәмханаларға қызмет көрсеткені үшін қосымша ақы алмаңдар деген де талап жоқ. Сондықтан біздің елде бұл кеңінен қоданылады.

АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ – ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ « Егер мейрамхананың кіреберісінде қызмет көрсету шарттарын белгілейтін жазбаша ілініп тұрса, сіз сол мәтінді оқып тұрып, ары қарай кірсеңіз, онда сіз осы шарттармен келіскеніңізді білдіреді».

Өз кезегінде Сауда министрі Арман Шаққалиев қазір ішкі сауда ережелеріне өзгертулер әзірленіп жатқанын айтты. Заңға жаңа өзгеріс енгізуді ұсына отырып, қызмет көрсетуге төлейтін 10 пайыз алынып тасталады дейді ол.

АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ – ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТР «Бұл менің жеке ұстанымым. Біз қазір ішкі сауда ережелеріне өзгертулер әзірлеп жатырмыз. Біздіңше, егер сізге қызмет көрсетілсе және онда қызмет көресету құны қамтылса, дәмханалар қосымша ақы алмауы тиіс. Сондықтан осы ережелерді пысықтап жатырмыз. Әрине, бизнес өкілдерінің кейбірі осы өзгерістерді қолдамауы мүмкін. Бұл мәселе мейрамханаға келген қонақтардан көрсетілген қызмет үшін қосымша ақы алуға қатысты. Қазір бұл ақыны сіздер чектерде жазылып жүргенін көріп жүрсіздер. Енді бұл алымды заңсыз ететін тиісті талапты белгілейміз, яғни қызмет үшін 10 пайыздық алым қойылмайды. Неге адамдар көрсетілген қызметке 2 рет төлеуі керек?»

Аталған түзетулер қазан айында енгізілуі мүмкін.Оның ішінде дәмханалар мен мейрамханалардағы қызмет үшін алынатын үстеме ақшамен бірге депозиттер белгілеу мәселесі де қарастырылмақ. Өздеріңізге мәлім, бүгінде көптеген караоке барлардың талабында депозит ұғымы енгізілген. Яғни дастарханға отырмай жатып белгіленген соманы төлеп қоясың.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.