Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қымбатшылық пен жұт

c 09:42, 17/06/2021 c 903

0:00 / 0:00

Ұлттық банк пен Үкіметтің инфляцияның деңгейі небәрі 7,2 процентті құрап отыр дееген мәліметіне шындыққа жанаспайды. Себебі,  дүкен сөрелерінеде азық-түлік бағасы  екі сеге қабыттады. Соңғы бір жылдың ішінде жұмыртқа 33,7, күнбағыс майы 48, қант 26,3, ал қарақұмық 29,4 процентке қымбаттап кеткен. Жаз айларында көкөністің бағасы шарықтауы елдің ашуын келтірді. Депутат Аманжан Жамалов үкіметке депутаттық сауал жолдап, азық-түлік бағасын ұстап тұрудың тиімді тетіктерін енгізуді талап етті. Ал мәжілісмен Еділ Жаңбыршин жұт жайлаған нақты аймақтарда төтенше жағдай жариялауды ұсынды.

Пандемия салдарынан табысы азайған қара халық, енді қымбатшылықтан қиналып жатыр. Ресми статистикаға сүйенсек, осы жылдың соңғы төрт айдың ішінде монополияға қарсы орган жұмыртқа, күнбағыс майы, қант, қарақұмық, сүт өнімдері, макарон сияқты тауар өндіретін және жеткізетін компанияларға 48 рет ескерту жасаған. Себебі бағаны өзара келісіп көтеру орын алған. Алайда соңғы 12 айдың ішінде жұмыртқа 33,7 процентке, күнбағыс майы – 48 процентке, қант - 26,3 процентке, ал қарақұмық 29,4 процентке қымбаттап кетті. Соңғы екі аптада қазақстандықтар бағасы шарықтап кеткен картоп пен сәбіздің жырын жырлап шаршады. Мәжілісмен Жамаловтың айтуынша азық-түлік негізсіз қымбаттап жатыр, инфляция деңгейі 7,2 пайызды құрайды деген мәлімет шындыққа жанаспайды.

Аманжан Жамалов – ҚР парламент мәжілісінің депутаты -«Ұлттық банк пен үкімет инфляцияның деңгейі небәрі 7,2 процентті құрап отыр деп баяндайды. Алайда дүкендерде мүлдем басқаша жағдай болып тұр. Азық-түліктің кейбір түрлері екі есеге қымбаттап кеткен. Инфляциямен күресу үшін алдымен монополия мен картельдерді жою керек. Онсыз қымбатшылықты тоқтату мүмкін емес.Жақында Ресейдің премьер-министрі кейбір өнім өндірушілер мен сауда желілерінің сараңдығы қымбатшылыққа себеп болды деді. Қазақстанда тура сондай жағдай орын алып отыр»

Бұл орайда депутат елдегі бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмыс істемей отырғанын айтты.  Үкіметтен  азық-түлік бағасын ұстап тұрудың тиімді тетіктерін енгізуді талап етті. Ал мәжілісмен  Еділ Жаңбыршин жұт жайлаған аймақтарда төтенше жағдай жариялауды ұсынды. Малынан айрылып жатқан халыққа қолдау көрсете алмауымыз өте ұят дейді ол. Өздеріңізег мәлім, теңіздер мен өзендердің тартылуы, жауын-шашынның нормадан аз түсуі батыс пен оңтсүтік өңірлерде ауыл шаруашылығына қиындық туғызды. Әсіресе, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында мал ұстап отырған шаруалар ауыр жағдайға тап болуда. Бұл мал шығына әкеп соқты.

Депутаттың мәліметінше,өткен  жылы Маңғыстауда 5 мыңға жуық мал басының өлімі тіркелсе, биыл бірінші тоқсан қортындысы бойынша 1332 мал өлген. Мұндай жағдай Қызылорда облысында да тіркеліп,500 жуық мал қырылып қалды.  Бір өкініштісі, жұт жайлаған аймақтарда шаруалар малынан айрылып жатқанда ортадаға делдалдар малдың жем-шөбін қымбаттатып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.