0:00 / 0:00
Оралдағы он жылдан аса уақыттан бері құрылысы тоқтап тұрған бірнеше нысан қайта салынбақ. Бұл туралы БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өкілдері мәлімдеді. Кезінде әжептәуір жоспармен басталған бұл нысанның қазір қалқиып қабырғасы ғана тұр. Орталық көшенің қақ ортасына орналасқан көп қабатты ғимараттың әлеуметтің қажетіне жарамай, жарты жолда қаңтарылып қалуы да көпшілік үшін түсініксіз. Сол себепті оралдықтар осындай сұрықсыз сақалды құрылыстар өзге нысанға айналса дейді.Белгілі болғандай көп қабатты үй құрылысына инвесторлар қызығушылық танытқан көрінеді. Жалпы, өңірде құрылысы бірнеше жылға созылған нысан бір ғана бұл емес. БҚО ПД жанындағы мына ғимарат 2007 жылдан бері аяқсыз тұр. Атап айтқанда «Астана Недвижмость» компаниясы бастаған ісін соңына жеткізбеген. Бастапқыда 10 қабатты тұрғынжай болуы тиіс нысанға өзге инвестор қаржы құймақ. Енді бұл «сақалды» құрылыс көп ұзамай келбеті келісті Жайық жағалуындағы жайлы тұрғын үйге айналмақ. Мамандардың айтуынша, құрылыс саласындағы басты мәселенің бірі - сапа талаптарының дұрыс бақыланбауы екен.