Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылыс қарқыны

c 12:28, 16/06/2020 c 476

0:00 / 0:00

Ақжайық ауданының орталығы Чапаев ауылында дене шынықтыру кешенінің құрылысы басталды. Аталмыш нысанның құрылысын "Қарашығанақ КПО БИВи" компаниясы қаржыландыруда. Ғимарат 320 орындық. Қазіргі таңда құрылысшылар мекеменің іргетасын қалап жатыр. Мамандар барлық құрылыс жұмыстарын желтоқсанға дейін аяқтаймыз,- дейді.

Ақжайық ауданында жаңадан дене шынықтыру кешені бой түземек. Қазіргі таңда құрылыстары басталған. Мердігер компания өкілдері жұмыстардың баршасын желтоқсан айында аяқтаймыз деп отыр. Нысан 320 орынға жабдықталмақ.

Биыл Ақжайық ауданының орталығында жаңадан "Абай" атындағы мектеп-гимназиясының құрылысы аяқталмақ. Білім ордасы 300 оқушыға арналған. Және мектептің қасында 100 орындық интернат бой түзейтін болады. Аудан орталығында құрылыс жұмыстарын орындау үшін бюджеттен 1 млрд 275 млн теңгедей қаражат бөлініп отыр.

Өткен жылдың сәуірінде басталған мектеп-интернаттың құрылысы биыл қыркүйекте тәмәмдалуы тиіс.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.