Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КӨШПЕНДІЛЕР ВИЗАСЫ ЕНГІЗІЛЕДІ

c 09:16, 16/05 c 50

0:00 / 0:00

Елдегі туризмді дамытуға не кедергі? 30 жылдан астам уақытта Қазақстан туризм саласын бір жолға қоя алды ма? Өкінішке орай бұл сұрақтар әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей отыр. Әрине туризм министрі бүгінгі отырыста әдемі сандармен баяндамасын әрлендіріп оқып берді. Дегенмен, сол есептің ішінде әттеген-айлар да болды. Маржықпаевтың айтуынша, пандемиядан кейін елімізге келген шетелдік туристердің саны 9,5 млн адамды құрапты. Ел ішіндегі туризмде 9 млн 600 мың қазақстандық тіркеліп отыр. Алайда, Қазақстандағы туризмнің сүрінген жері-инфрақұрылым нашар. Министр курорттық аймақтарға маусымдық ұшақ рейстерінің жиілігі мен санын арттыру қажет деп отыр. Бүгінгі таңда 82 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз келе алады. Халықаралық әуе қатынасы 108 бағыт бойынша 29 елге орындалады. Министрлік шетелдік азаматтар үшін көшпенділер визасын енгізбекші. Себебі, визалық көші-қон режимі мәселесі туристер тарапынан көптеген шағым тудырып отыр. Туроператорлардың хабарлауынша, шетелдік келушілер визалық көші-қон порталының техникалық ақауына байланысты виза алу кезінде қиындықтарға тап болады. Нәтижесінде туроператорлар шетелдік туристер үшін брондалған билеттерді алып тастауға мәжбүр.

Маржықпаев елдегі туримзді дамыту мақсатында халықаралық франшизасы бар қонақүйлер үшін жеңілдікпен кредит беру мерзімі 7-ден 10 жылға дейін ұзартылатынын айтады. Сонымен қатар агротуримзді дамыту үшін фермерлерге өз жерлерінде агротуризммен айналысуға рұқсат берілмек. Бұл арқылы 10 мыңнан астам ауыл тұрғынын қосымша жұмыспен қамтуға болады деп сендіреді министр. Әрине бұл тамаша жоспар, ұсыныс. Бірақ сол туризм аймағына бару жолын айтсаңызшы.

Тағы бір проблема- елімізге ат басын тіреген шетелдік турист әуежайда ақшаға құныққан таксистерге ұрынып қалып жататын деректер де жоқ емес. Мұны премьер де жоққа шығара алмады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.