Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Коронвирус жұқтыру көрсеткіші жеті пайызға азайды

c 17:02, 12/05/2021 c 685

0:00 / 0:00

Аймақта коронавирусқа шалдыққандар қатары соңғы аптада тағы жеті пайызға азайды. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мұқамғали Арыспаев мәлімдеді. Сонымен қатар, ол алдағы күндері өңірде жаңа қаулының күшіне енетіні туралы айтып қалды.Алайда осы кезге дейінгі карнтиндік талаптар толықтай сақталады. Жаңашылдықтың бірі-бірінші мамырда қойылған блокбекеттер алынып тасталуы мүмкін. Дегенменде бұл туралы ақпарат штаб отырысында толықтай айтылған жоқ. Бір белгілісі жақын уақытта қаулыға өзгерістер енгізілмек.  Ал ауру жұқтыру көрсеткішінде төмендеу бар. Бұған негізгі себеп  ауруды дер кезінде анықтайтын жылжымалы лабараториялар санының көбеюі. Бүгінгі таңда өңірде барлығы 31 екпе кабинеті мен 4 жылжымалы пункт жұмыс жасайды. Осы уақытқа дейін айтылғандай облыс тұрғындарының 60 пайызы екпе алуы тиіс. Жыл басынан бері коронавирус инфекциясын жұқтырып салдарынан 300 адам қаза тапқан. Облыстың бас дәрігері  Арман Талғатұлының айтуынша бақилық болғандардың дені егде жастағылар. Дәрі-дәрмек пен қажетті медициналық препарттармен қамтамасыз етілгеніне қарамастан созылмалы аурулары бар науқастарға медициналық көмек дертіне дауа болмай отыр. – Қазіргі таңда өңір қызыл аймақта. Жалпы коронавирустық инфекция жұқтыруының 20 671 жағдайы тіркелді.  Аурушаңдық көрсеткіші 3129,6-ны құрайды. Аурудың өсу қарқыны – 0,61. Коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны – 16 085. Жалпы індеттен 300 адам көз жұмды. Бүгінгі күні 195 төсек-орынға арналған 4 карантиндік стационарларда 19 науқас жатыр. Карантиндік стационарлардың толымдылығы 9,7 %-ды құрайды. Облысымыз бойынша коронавирустық инфекцияға қарсы күресте жұмылдырылған 18 инфекциялық стационарлардың толымдылығы 46,3 %-ды құрайды (1123-тің 520-сы). Қала стационарларының толымдылығы 70,8 %-ды (600 төсек-орында 425 науқас), ал облыс стационарларының толымдылығы 18,2 %-ды (523 төсек-орында 95 науқас). «Өңірде тұрғындарды коронавирусқа қарсы егу жұмыстары жалғасуда. Бүгін Орал қаласындағы «Мәскеу» базары аумағында да егу кабинеті ашылды,- деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а Арман Қалибеков.  Өздеріңізге мәлім ауру таралу матрицасы бойынша, қызыл аймақтағы өңірлерде «Ashuq» мобильдік қосымшасы арқылы бірқатар кәсіпкерлік субъектілері жұмысын бастады. 1 мамырдағы мәлімет бойынша  Оралда 13 адам осы қосымша арқылы  ауру жұқтырғаны белгілі болған. Анықталғандай тұрғындар науқастанып жүрген уақытта оқшаланудың орнына ойын сауық қуған. Сондай-ақ осы қосымша арқылы ауру адамдармен қарым-қатынаста болған бірнеше факті де белгілі болыпты. Ал 14-ші сәуір мен 11 мамыр аралығында, «Ashuq» қосымшасына сәйкес, жұмыс жасап жатырған кәсіпкерлік объектілеріне келушілердің арасында, 11 жасыл , 2514 көк, 1 сары және 9 қызыл түс анықталған. Осы орайда облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев  сала мамандарына нақты тапсырма берді. – Егер адамдардың жауапсыздығы салдарынан дертті екенін біле тұра еркін жүріп тұрғандар болса олар заң аясында жазалатын болады. –  Айыппұл салу мәселесіне тағы тоқталғым келіп отыр. Қызыл статусы бар, ауру жұқтырғаны белгілі адам тікелей ауруды таратып жүр деген сөз. Әр адамда жауапкершілік сезімі оянатын сәт туды. Тұрғындар арасында әлі де болса «ауру жоқ» деп жүргендер бар. Жоғарыда қанша адамның көз жұмғаны туралы ақпарат айтылды. Сол ебепті ПД мен санитарлық мекемелер бақылауды күшейту керек,– деді облыс басшысының бірінші орынбасары Мұхтар Наурызбайұлы. Сонымен қатар жедел штаб отырысында қала әкімі Абат Шыныбековтың баяндамасы оқылды.  Ертең  ораза айтттың алғашқы күні. Осы орайда таң намазы оралдағы үш мешітте оқылады. Шаһар басшысы атап өткендей мешітке жиналатын жамағат санитарлық талаптарды сақтауы тиіс. Сонымен қатар таң намазы оқылатын сәттерде жолдар жабылады. Ал қаупсіздік шараларына БҚО  ПД өкілдері жауапты.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.