Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КОРЕЯМЕН КЕЛІСІМ

c 17:36, 12/06 c 57

0:00 / 0:00

Ақорда бүгін мәртебелі қонағына есігін айқара ашты. Дәстүрлі түрде қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің әнұраны ойналды. Қаздай тізіліп тұрған қазақ-корей үкіметінің мүшелерімен президенттер қол асыолып болған соң, екі жақты өзара кездесуге бет бұрды. Оңтүстік Корея – Қазақстан үшін ең ірі 5 инвестор елдің бірі болып табылады. Бүгінде Қазақстанда корей капиталының қатысуымен 700-ден астам компания жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында «Samsung», «LG», «Hyundai» сияқты ірі компаниялар бар. Бүгінде қазақстандықтар корей көлігі мен техникасын кеңінен қолданады. Қазақ Прзеидентінің мәліметінше былтырға дейін кореядан тартылған инвестиция көлемі 9,6 млрд долларға жетті. Айта кету керек бұл Корея Президенті қазақ жеріне алғашқы рет ат басын тіреп отыр. Тоқаев Юн Сок Ёльдің біздің елге келуін "тарихи оқиға" деп бағалады.

Ақордадағы кездесу қазақ-корей ықпалдастығының аясын кеңейтіп екі жақты байланысты жаңа белеске көтереді деп сенемін, - деді Тоқаев. 1992 жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бері Корея Республикасы мен Қазақстан соңғы 32 жыл ішінде екіжақты қарым-қатынаста айтарлықтай дамытуға қол жеткізді. Оңтүстік Корея президенті екі ел
арасындағы стратегиялық серіктестіктің орнағанына 15 жыл толғанын айтты. Сондықтан бұл мемлекеттік сапарыма ерекше мән беремін деді ол.

ЮН СОК ЁЛЬ – ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ПРЕЗИДЕНТІ «Біз ынтымақтастығымыздың көкжиектерін кеңейтіп жатырмыз. Оның ішінде маңызды минералдық ресурс саласы, екі ел арасындағы экология, білім және медицина саласындағы ынтымақтастық дамып келеді. Корея Республикасы Қазақстанмен бірге жарқын, әрі гүлденген болашаққа қарай алға жылжуға ниетті. Президент Тоқаев мырзаға және Қазақстан халқына біздің делегацияны жылы қарсы алғаны үшін тағы да шынайы алғысымды білдіремін».

Ақордадағы келіссөздер нәтижесінде энергетика саласын дамыту, электр энергетикасы, мұнай-газ және мұнай химиясы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, білім, орман шарушалығы саларындағы қарым-қатынасты нығайту туралы келісімдерге қол қойылды. Қазіргі таңда екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 6 миллиард долларға жетті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.