Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қолжетімді баспана

c 17:14, 26/06/2019 c 1815

0:00 / 0:00

Биылдың жылдың алты айында БҚО "7-20-25" бағдарламасына қатысу үшін 392 адамнан өтініш келіп түскен. Олардың 230-ы мақұлданып, бүгінгі таңда 2,3 млрд теңгеге несие рәсімделіпті. Қазіргі таңда еліміздің аумағында 8 банк осы бағдарламен жұмыстанып жатыр.

Өткен жылы Елбасының тапсырмасымен баспанасы жоқ жандарға арналған, "7-20-25" бағдарламасы іске қосылды. Бүгінгі таңда 392 батысқазақстандық аталмыш бағдарламаға қатысуға ниет білдіріп, өтініш жіберген. Алайда, тек 230 адамның өтініші мақұлдаған. Бұл бағдарлама ұлттық банк пен баспана ипотекалық ұйымының өнімі. Аталмыш ұйымның астанадан келген өкілі бұл көрсеткіштердің жақсы екендігін атап өтті.

Бағдарламаның шарты бойынша үйді сатып алғысы келген азамат Батыс Қазақстан облысында құны 15 млн теңгеден аспайтын, жаңа салынған үйді алуы шарт. Алайда, сала мамандары қыста бас қосқан кезде, еліміз бойынша өтініштердің саны көп болмағанымен берілетін үйдің аздығын атап өткен еді. Аталмыш проблеманы шешу үшін биыл бірқатар өзгерістер енген.

Сала мамандары аталмыш мәселені шешу үшін жаңа бағдарламаны іске қосқандығын айтады. Енді он бес жылға дейін нарықтағы баспананы несиеге рәсімдеуге болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.