Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоғамдық кеңестің отырысы

c 17:44, 20/11/2019 c 496

0:00 / 0:00

Биылғы жылдың тоғыз айында БҚО- да мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуына 28 тексеріс жүргізіліп, 197 олқылық анықталған. Бұл туралы қоғамдық кеңесте сөз алған мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев мәлімдеді. Департамент басшысы заң бұзушылықтың 126-сы жер қатынастарында, білім беру саласында 35 олқылық болған.

БҚО - да мемлекеттік қызмет көрсету саласында 197 олқылық тіркелген. Олардың 64 пайызы жер қатынастары саласында, ал 35 заң бұзушылық білім беру саласында болған. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі заңнаманың жөнді орындалмауына байланысты 10 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Жиын барасында халыққа қызмет көрсету орталығындағы ұзын-сонар кезек мәселесі сөз болып, №1 орталықтың тар екендігі айтылды. Басшы бұл мәселені тек үлкен ғимаратқа көшу арқылы шешуге болатынын жеткізді. Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің мүшелері 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет қалай және қайда жұмсалатынын туралы ақпарға қанықты. Қазына қаржысына жауапты мамандары республикадан келіп түскен трасферттердің арқасында 1,7 млр теңге, ЖИТС кеселін болдырмауға арналған профилактикалық шараларға, атаулы әлеуметтік көмек төлеу мен "Ауылым-алтын бесігім" бағдарламасының аясында елді-мекендерге қажетті инфраструктура тартуға жұмсалатыны белгілі болды.

Сондай-ақ, жиын барысында қысқы уақытта тас жолдарды қардан тазарту жұмыстары қалай орындалатындығы мен мемлекеттік органдар мен квази мемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін қандай жұмыстар атқарылатыны айтылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.