Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

c 09:13, 26/08/2021 c 575

0:00 / 0:00

Түркиядағы орман өрттерін сөндіруге аттанған қазақстандық 16 құтқарушы аман-есен елге оралды. Еске сала кетейік,  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі суағар құрылғылары бар «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 АМТ екі тікұшағын және құрамында 16 құтқарушы бар жедел тобын орман өрттерін сөндіруге көмек көрсету үшін Түркияға жіберген еді. Бүгін сол құтқарушы топ өз миссиясын орындап келді. Елорда әуежайында құтқарушыларды Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған топ қарсы алды.

Қазақстандық құтқарушылар елге оралды. Түркия жерінде орын алған алапат өртті сөндіруге көмекке барған 16 құтқарушы өз миссиясын абыроймен атқарып келді. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында құтқарушыларды төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен олардың отбасы қарсы алды. Түркиядағы    орман алқабында тараған өртпен күресу үшін қазақстандық құтқарушылар 8 тәулік бойы ауқымды жұмыс жүргізді. Жұмыс басталғаннан бері орман өрттерінің ошақтарына барлығы 300 тоннадан астам су 80 рет жіберілді. Тікұшақтар Даламан қаласының маңында жұмыс істеген. Қазақстандық құтқарушылар үшін таулы жерде жұмыс істеу үлкен тәжірибе болды.

Түрік ағайындарға көмек қолын созған қазақстандық құтқарушылар  тікұшақпен үш мемлекеттің шекарасын кесіп өтіп, Каспий және Қара теңізі, Кавказ таулары арқылы 4500 шақырымды еңсерген. Өміріне төнген қауіпті ойламай, өзге елде тілсіз жаумен күрескен құтқарушылардың отбасы үшін бұл үлкен сынақ болды.

Түркияда орын алған орман өрттерінде адам шығыны болып, көркем табиғаты зардап шекті.

УФУК ЭКИДЖИ –ТҮРКИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ «Шілденің ортасында Түркияда 200-ден аса өрт ошағы тіркелді. Өкінішке орай орман өрттері өршіп, соңғы орын алған жағдайда 180 мың футбол алқабындай жер жанып кетті. Дос елдердің арқасында, солардың көмегімен алапат өртті ауыздықтадық».

Өкінішке орай, өз еліміздің батыс және орталық аймақтарда да ормандарды өрт шалып жатыр.

ЮРИЙ ИЛЬИН – ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ «Қазір Қазақстанда да жағдай қиындап тұр. Батыс Қазақстан облысындағы орман өрттерін сөндіріп жатырмыз. ҚазАвиаҚұтқарудың көмегін тартып жатырмыз».

Батыс Қазақстан облысында жалпы аумағы 5 мың гектар жер өртенді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.