Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстан қызыл аймақта

c 09:56, 30/06/2021 c 405

0:00 / 0:00

Қазақстан қызыл аймаққа кірді. Елде қауіпті індеттің таралуы қайта өршіді. Қызыл аймақта тұрған   Нұр-Сұлтан қаласының қатарына Алматы қаласы, Батыс Қазақстан, Атырау және Қарағанды облыстары енді .Қалған өңірлер "сары" және "жасыл" аймақта.Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәліметінше, соңғы аптада ковид инфекциясын жұқтыру 39%-ке өсті.  Республика бойынша  инфекциялық төсек-орындардың 27%-і , реанимациялық төсек-орындардың 24%-і  бос емес. Өз кезегіне премьер-министр Асқар Мамин әкімдерге вакцина салуға міндеттеуді тапсырды.

Қазақстан  қызыл аймаққа қайта кірді. Коронавирустың таралуы өршіп отыр.

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды баяндаған денсаулық сақтау министрі вирус жұқтырғандардың көбеюі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында аурушаңдықтың 1,7 есеге өсуімен байланысты деп отыр.

Алексей Цой – ҚР ДСМ - «26 маусымнан бері Қазақстан "қызыл" аймақта тұр.Сондай-ақ қауіпті аймаққа бес өңір – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Атырау және Қарағанды облыстары кірген.Қалған өңірлер "сары" және "жасыл" аймақта. Соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру 39%-ке өскені байқалады. Республикада инфекциялық төсек-орындардың 27%-і , реанимациялық төсек-орындардың 24%-і  бос емес»

Бір аптадан бері үкімет қазақстандықтарды екпе салдыруға үгіттеп жатқаны мәлім. Тіпті вакцина жасатқандар арасында пәтер, көлік ойнатылуда. Өңірлерде бағалы сыйлықтар да ұсынылуда.  Ендігі ұжымдарда екпесіз жұмысқа келмейсіңдер деген нұсқаулар да тарап жатыр. Үкімет басшысы әкімдерге еңбек ұжымдарында, қызмет көрсету, білім беру саласында міндетті вакциналауды енгізуді жүктеді.

Ал "қызыл" аймаққа енген өңірлерге  карантиндік шараларды күшейтуді тапсырды. Айта кету керек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Үндістаннан шыққан "дельта" штамы тағы мутацияға түскенін хабарлауда. Оны "дельта плюс" деп атап отыр. Бұл алғашқы үлгісінен де қауіпті дейді мамандар. Тіпті коронавирустың "дельта плюс" штамы салдарынан әлем елдерінде жаппай локдаун қайта басталуы мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.