Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЮҒА ЫҢҒАЙЛЫ АЙМАҚ ПА?

c 15:01, 01/11 c 34

0:00 / 0:00

Осымен біздің елде шетелдік инвесторлар 36-ы рет бас қосып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңестің инвестициялық климатты жақсартуға қатысты мәселелерді талқылайтын маңызды диалог алаңына айналғанын айтты. Қазақстан 2029 жылға қарай шетелден қосымша 150 миллиард доллар тікелей инвестиция тартамыз деген мақсатты меңзеп отыр. Ал ол мақсатқа жету үшін Үкімет жанындағы Инвестициялық штабқа туындаған проблемаларды жедел шеше алатын құзырет берілмек. Тоқаев шетелдік инвесторларға елдегі мүмкіншіліктерді айта келе, минералды-шикізат қоры мол екенін жеткізді. Сондай-ақ геологиялық барлау және пайдалы қазбаларды игеруге шақырды. Президенттің айтуынша, Қазақстан соңғы алты жылда геологиялық барлауға 1 миллиард доллардан астам жеке инвестиция тартқан.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Қазақстанда 4 500-ден астам кен орны бар бірегей минералдық ресурстарға ие. Біз пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруді реттеуді әлемдегі ең бір реттелген, прогрессивті және ашық қыламыз. Осы мақсатта геологиялық барлауға жеке инвестициялар небәрі алты жыл ішінде 1 миллиард доллардан асты. Ендігі уақытта Қазақстан аумағының 1,6 миллион шаршы шақырымы геологиялық зерттеу үшін қолжетімді»

Кеңес барысында мәлім болғандай Еуропалық Қайта құру және даму банкі Көкшетау қаласында 650 орындық жаңа аурухана салатын болды. Сондай-ақ, шетелдік ивнесторлар айти саласына да қаржы құюды көздеп отыр.

Қазақстан инвестициялық тартымдылықты арттыруды көздеп отыр. Үкімет инвесторлардың құқықтарын қорғау үшін сот және құқықтық жүйені жетілдіруді жалғастырып жатыр. Басым жобалар үшін рұқсат беруді, жер учаскелерін бөлуді және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді жеңілдететін „жасыл дәліз“ құрылатыны айтылды.

Инвестициялық ахуалды жақсарту үшін жалпыұлттық пул жобалары іске асырылып жатыр деді үкімет басшысының орынбасары, Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров. Жыл соңына дейін 4,7 млрд доллар сомасына 239 жобаны іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ, пилоттық режимде экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін „жасыл дәліз“ жұмыс істейді. Оның артықшылығы инвестордың барлық қажетті рәсімдерді небәрі 5 күнде жеделдетілген түрде өтетін болады. Үкімет мұнай және газ химиясы, машина жасау, металлургия, агроөнеркәсіптік кешен сияқты салаларда 17 ірі жобаның тізбесін жасап қойған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.