Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛЕСІҢ БЕ?

c 09:45, 28/05 c 26

0:00 / 0:00

Қазақ тілін білесің бе? Биылдан бастап қазақстандық оқушылар алғашқы рет мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша емтихан тасырып жатыр. Оқушылар бжб, тжб тапсырып, жылдық оқуын қортындылап, соңғы қоңырау соғылып қойғанымен, қазақ тілінен емтихан тапсыру бүгін өтті. 5, 6, 7, 8, 10 сынып оқушыларына арналған емтиханда қазақ тілінде оқытатын сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінен және орыс тілінде оқытатын сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен емтихан тапсырады. Емтихан осы оқу жылындағы бағдарламаны қамтиды. Онда тыңдау, ауызекі сөйлеу, оқу, жазуы бағаланады.Бұл емтиханның бағасы оқушының жылдық қортындысына әсер етпейді, бастама мемлекеттік тілді дамыту мақсатында жасалып отыр.

ҒАНИ БЕЙСЕНБАЕВ – ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ «Шынтуайтында, емтиханды қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру үшін тапсыртып жатырмыз. Бұл туралы біз көп айттық. Тіпті өткен жылы маған Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі хабарласып, осы бағыттағы жұмысты күшейтуді сұрады. Емтихан – сол жұмыстың бір бөлігі ғана. Биыл пилоттық режимде өтіп жатыр, сондықтын сыныптан сыныпқа көшуге әсер етпеуі керек».

Елорадағы 37 мектеп-лицейіне барғанымызда 5-6 сынып оқушылары қазақ тілінен емтихан тапсырып жатыр екен. Бұл мектепте қазақ, орыс сыныптары аралас оқиды.

Орыс сыныптарына қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімнің айтуынша, мемлекеттік тілден емтихан тапсыру маңызды.

Айта кету керек, емтиханды өткізу уақытын мектептің педагогикалық кеңесі айқындайды, тапсырмаларды оқытушылар жасап, білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді.

Ал сарапшылардың айтуынша, қазақ тілінен емтихан тапсыру форматы дұрыс емес.

Оқу –ағарту министрлігінің дерегінше, еліміз бойынша 1 миллион 600 мың бала қазақ тілінен емтихан тапсырып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.