0:00 / 0:00
1920 жылдың 26-ы тамызында Алаш қайраткеркерлері Қазақ республикасын құрды. Міне биыл осы тарихи күнге 100 жыл толып отыр. Алайда, елімізде бұл айтулы күн елеусіз қалып отыр. 1917 жылы Алаш автономиясы жарияланса. Араға үш жыл салып алаштықтар Қазақ мемлекеттік автономиясын жариялады. Тарихшылардың айтуынша, Қазақстанның конституциялық эволюциясы төрт кезеңнен тұрады. Біріншісі – 1917 жылы Алаш автономиясының жарияланауы, екіншісі – 1920 жылы Ресей құрамында Қазақ автономиясын жариялау, үшіншісі – 1936 жылы Қазақстан егеменді мемлекет мәртебесін және одақтан шығу мәртебесін алып, Кеңес одағына кіру, төртінші – 1977 жылғы конституциялардың бірі. Қазақ Социалистік республикасының мемлекеттік егемендігі туралы 1990 жылы декларацияда бекітілген ресми құқықтарды пайдалану нәтижесінде мүмкіндік болған ҚР тәуелсіздігін жариялау.Бұл бүгін өткен «Қазақ Республикасына 100 жыл және оның құрылуындағы «Алаш» қайраткерлерінің рөлі» атты халықаралық ғылыми бейнеконференция барысында айтылды. Ғалымдар, тарихшылар, саясаттанушылар мен алаштанушылар бас қосқан жиын «Ақ жол» партиясының бастамасымен өтті.
Соңғы кезде Қазақстанның мемлекеттілігіне қатысты күмәнді пікірлер жиі айтылып жатқаны мәлім. Көрші отырған Ресейлің кейбір саясаттанушылар еліміздің бір тұтастығына, дархан даласына, кең байтақ жеріне көз сүзгендей пікірлер айтуда. Бүгінгі халықаралық ғылыми конференция Қазақ республикасының 100 жыл бұрын құрылғанын дәлелдейтін дәйектермен толықты. Алаштанушылар 30 жыл бұрын қол жеткізген тәуелсіздігімізге алашордалықтар мұра еткен Қазақ автономиясы бірден-бір себеп болды дейді.
Депутат Перуашев бұрын қазақ елінің мемлекеттілігі болмаған, Қазақ автономиясы Кеңес Одағы аясында құрылды деген пікір жалған дейді. Керісінше Ресей империясы аймағында алашордалықтар алғашқы болып 1920 жылы Қазақ автономиясын құрды. Содан кейін 15 республика КСРО құрамына кірді.Бұл пікірді конференция барысында ресейлік тарихшылар айтты. Бұның өзі біздің мемлекеттілігіміз 100 жыл бұрын құрылғанын дәлелдейді. Мәжілісмен 100 жыл бұрынғы Алаштың ұстанымы әлі өзекті. Әлихан Бөкейханның елді дамытудағы идеялары мен ұстанымдарын бүгінгі Қазақстан қолданса болады дейді.
Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлының пікірінше, жаппай насихатталып жатқан Рухани Жаңғыру бағдарламасына Алаш ардақтыларының идеологиясын енгізген жөн дейді
Не керек, халықаралық бейнеконференцияда Алаш зиялыларының еңбегі, ел егемендігі үшін күресі жайында көп мәлімет айтылды. Тарихи күнді ұрандатып өткізбесек те, Алаш мұрасын құрмет тұтқан қауым назардан тыс қалдырған жоқ. Осы айтулы күнді ел болып атап өту туралы бір жыл бұрын үкіметке ұсыныс та тасталғанды. Алайда, Ақжолдың Парламенттегі фракциясы жолдаған бұл сауал жауапсыз қалған.