Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазагроның дауы

c 20:10, 23/10/2019 c 593

0:00 / 0:00

Соңғы кезде «Қазагро» Ұлттық компаниясының аты аталса болды, соңы дауға айналып кетеді. Бүгін өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында  ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров пен «Қазагро» басшысы спикерден сөз естіді. Төраға Нұрлан Нығматулин қазынадан ауыл шаруашылық саласына бөлінген млрдтар осы компания арқылы дұрыс үлестірілмей отыр деп сынады. Ал бүгін Мәжіліске келген Үкімет қазынадан «Қазагро» компаниясына екі жылға  60 млрд теңге сұрап отыр.

«Қазагро» ұлттық компаниясының кредит ретінде берілген миллиардтаған қаржыны қайтару мәселесі дау тудырды. Депутаттар  нәтижесіз жұмыс істеп отырған компанияның жұмысына күмән келтірді.  2018 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазАгроның» жинақталған шығыны 400 млрд теңгеге жуық қаржыны құрады. Яғни, компания табыс тапқанның орнына шығынға батып отыр. Бұл орайда Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров, Қазагроны жақтап, екінші деңгейлі банктерге қарағанда, бұл компанияда жұмыс жүріп жатыр деп ақталды. Алайда, министрдің бұл сөзі спикерге жақпай қалды. Нығматулин берілген ақшаны жоқ қылып отырсыңдар деп шүйлікті.

Нұрлан Нығматулин – ҚР парламент мәжілісінің төрағасы; "Мысалы, соңғы бес жылдың ішінде компанияның жарғылық капиталына 500 милллирд теңгеден астам қаржы құйылды. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша холдингтің шығыны 400 миллиард теңгені құрады. Сонда компания табысты емес, шығынды жинап отыр ғой. Бұл жұмбақ бір құрылым, "Бермуд үшбұрышы" сияқты. Ақша кіреді де, ізім-ғайым жоқ болып кетеді. Енді, тағы 60 миллиард сұрап отырсыздар. Мен министрмен (ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровпен) келіспеймін. Бәрі жақсы, бәрі керемет дейді. Бірақ негізгі проблема мынада, "ҚазАгроның" кредиттері қайтарылмай жатыр. Оңды-солды беріп қойды да, енді қайтара алмай отыр".

Ауыл шаруашылығы саласындағы қаражаттың негізгі операторы болып саналатын бұл компания диқандар, мал шаруашылығындағы кәсіпкерлерге  қаржыны дұрыс үлестіре алмауда.  «ҚазАгро» компаниясының басшысы төрағаның сынын мойындайды.

Депутаттар аталмыш компанияның жұмыс ісету жүйесін толығымен өзгертуді ұсынды. Ауыл шаруашылық саласына бөлінген қаражаттың әділ үлестірілуі қатаң бақылауда боулы керек деп даурықты.  Тіпті заң жағынан көмек керек болса, қолдауға дайынбыз деді спикер.  Компания шығындарын қысқартуға кіріскен. Тіпті холдингте айтарлықтай қысқарту жүрігізлуде.

Осы реформалар арқылы  «ҚазАгро» холдингі 2020 жылы таза пайдаға шығуды армандап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.