0:00 / 0:00
Жиырма бесінші наурызда орын алған Ресейдің Кемерово облысында орын алған трагедия барша адамзаттың қабырғасын қайыстырғаны хақ. Аталмыш олқылықтың алдын алу мақсатында ,"Сити центр" орталығы қала тұрғындарымен кездесті. Ірі сауда орталығының негізгі мақсаты: бұқара халыққа өрт қауіпсіздігі үшін қолға алынған шараларды таныстыру. Мәселен, алып орталықта арнайы 28 эвакуация есігі бар. Сондай-ақ, тұрғындардың өмірін түрлі кеселден аман сақтап қалу үшін бес арнайы баспалдақ та қарастырылған. Ғимарат ішінде өрт орын алған жағдайда арнайы сигнализация орнап, арнайы колонкалар арқылы азаматтарды хабарландырып отырады. Қала тұрғындарының тарапынан туындаған сауалдарға жауап беру үшін ұйымдастырылған шараға өрт сөндірушілер де ат салысқан болатын. Сала мамандарының сөзінше, өңірімізде 55 ірі сауда орталығы тіркелген. Олардың құрамына адам көп шоғырланатын мейрамхана, ойын сауық орталықтары, супермаркеттер кіреді.