Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қате аяқ астында

c 17:54, 02/09/2019 c 917

0:00 / 0:00

Ойнаймын деп от басты. БҚО Ақжайық ауданының Чапай ауылында 9 жасар бала қараусыз жатқан трансформаторға тоққа соғылып, ажал құша жаздады. Абырой болғанда, жасөспірім жоғары кернеулі 10 мың вольттық токқа соғылғанмен тірі қалған. Енді айдың-күннің аманында жалғыз ұлынан айрыла жаздаған ана трансформатор иесін сотқа бермек. Көз жасы көл болған ана ұлының аман қалғанына шүкіршілік етеді. Абайсызда тоққа түскен 9 жасар - Мұрат Назардың басы, қол-аяғы күйіп қалған. Анасы Сандуғаштың айтуынша тоқ ұрғанда жеткіншек талып қалған. Ұлымен бірге болған екі жасөспірім оны трансформатор орналасқан ғимараттан алып шыққан. Оқиға 29-шы тамыз күні болған.Жазғы демалыс кезінде үйге сыймаған бала ойын қуып, мына ғимараттың ішіне кіреді. Бірақ ойыннан от шықты. 3 сынып оқушысын қуаты он мың вольттық тоқ ұрып омақаса құлатқан. Ал қауіпті аймақ қараусыз жатырған көрінеді. Тіпті «кіруге болмайды» деген бір белгі жоқ ,- дейді Сандуғаш. Денесін күйік шалған бүлдіршінге алдымен Ақжайық аудандық ауруханада алғашқы жәрдем көрсетілген. Кейін жедел жәрдем облыс орталығына әкеледі. Дәрігерлер баланың қазіргі жағдайы ауыр дейді. Ол облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ем алуда.
Айта кетейік, Чапаев ауылдық округі әкімдігі қызметкерелері аталған нысанның жабық болғанын айтады. Денгенмен құзырлы орган өкілдері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.