Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қашықтан білім алу жалғасады

c 09:30, 15/07/2020 c 551

0:00 / 0:00

Қазақстандық оқушылар мен студенттер жаңа оқу жылын қашықтан оқып бастайтын болады. Бұл жайында бүгін білім министрі Асхат Аймағамбетов  онлайн брифинг барысында мәлімдеді. Өз кезегінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой панедмия барысында балалардың мектепке баруы  олардың денсаулығына қауіп деп отыр. Министр оқушылардың жаңа оқу жылының бірінші тоқсанын қашықтан оқыған жөн дейді. Вирустың таралуына жол бермеу үшін Цой мырза  үкіметке осындай ұсыныс жасады.

Елдегі эпидемиологиялық ахуал жақсармай тұр. Күннен күнге індет жұқтырғандар саны артуда. Ал алда жаңа оқу жылы келіп қалды. Бір жарым айдан соң еліміздегі білім ордаларындай дәстүрлі алғашқы қоңырау соғылмайды. Қазақстандық оқушылар мен студенттер көктемдегідей қашықтықта білім алатын болады. Ел үкіметі денсаулық сақтау министрінің ұсынымына сай осындай шешім қабылдап отыр. Себебі,  мектепте балалар індетке шалдығып, инфекцияны оқу орнынан тыс жерлерде таратуы мүмкін деп ескертеді еліміздің бас дәрігері Алексей Цой. Министр бірінші тоқсанды үйде отырып, қашықтықта оқуды ұсынды.

Алексей Цой-ҚР денсаулық сақтау министрі "Елде індет жұқтырғандардың жалпы саны 60 мыңға жуықтады. Оның ішінде 1700 балалар. Карантин барысында балалардың жұқтыруы төмендеді. Дегенмен, жаңа оқу жылында балалар мектепке барса бұл күшейіп кетуі мүмкін.Өткір респираторлық вирустық инфекцияның маусымдық өсуі мен коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалдың күрделілігін ескеріп, оқу жылының бірінші тоқсанында шағын мектептерді қоспағанда, орта білім ұйымдарының барлық сыныбын қашықтан оқытуды қарастырған дұрыс деп санаймыз"

Министр Цойдың айтуынша, инфекция ұйымдасқан ұжымдарда тез тарайды. Тәжірибе көрсеткендей, жыл сайын өткір респираторлық вирустық инфекциямен ауыратындардың 70 процентін он төрт жасқа дейінгі балалар құрайды. Сондықтан білім минситрлігі жаңа оқу жылының бірінші тоқсанын қашықтықта оқимыз деп отыр.

Сондай-ақ министр та-аналардан  бастауыш сынып оқушыларын кезекші сыныптарда оқыту туралы өтініш түскенін айтады. Енді осыған орай  қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі, - дейді Аймағамбетов.

Ал ауыл балаларының мәселесіне келетін болсақ. Шалғай ауылдардағы шағын жинақты мектептерде штатты форматта оқытылатын болады. 127 мың бала. Бұл  жалпы оқушылардың 4 пайызы ғана. Ал бірінші   тоқсан аяқталған соң , елдегі ахуал түзелсе барлық мектептер қалыпты жүйеде білім беретін болады. Сондай-ақ, қазақстандық студенттер де қашықтықта оқиды.  Ал докторантура, өндірістік оқыту мен кәсіби іс-тәжірибе үшін дәстүрлі форматта оқу жүргізіледі. Сосын кейбір мамандықтар бойынша дәстүрлі форматты ұйымдастырылуы мүмкін. Ал Президент Тоқаев айтқанадй ел мектептеріндегі компьютерлердің жартысына жуығы жүмыс істемей тұрғанын білім министрі  мойындап отыр. Аймағамбетов мектептерде 405 мың компьютер болса, оның жартысы ескірген. Бір компьютерге 21 баладан келеді екен. Незінде бес балаға бір компьютерден келуі керек. Министрдің айтуынша  Дүниежүзілік банктен елді мекендердегі мектептерге компьютер және принтер сатып алу мақсатында алынған 67 миллион доллар қаражат келесі жылға жоспарланған екен. Енді үкіметтегілер бұл қаржыны биылға жылжытып, компьютер сатып алуға жұмсауды жоспарлап отырған көрінеді. Қазір Дүниежүзілк банкпен  Қаржы министрлігі осы мәселеге қатысты жұмыстар жасап жатқан көрінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.