Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаржы пирамидасынан 435 адам зардап шекті

c 17:03, 02/11/2021 c 1599

БҚО-ның 400-ге жуық тұрғыны қаржы пирамидасының құрбаны болды. Алаяқтар "Аз уақытта баюға болады"- деген желеумен азаматтардан қолма-қол немесе картаға аударту арқылы ақша алған. Тергеу барысында қылмыскерлердің уатсаб желісі арқылы арнайы топ ашып, бір адамның ақшасын екінші адамға бергені анықталыпты. Олар бір аптаның ішінде салған ақшаның үстіне 100 пайыз сыйақы қаражат аласыздар деп сендірген. Алаяқтардың құрығына 435 салымшы іліккен. Олар "Алтын тұмар", "Лидер" мен "Великое Будущее" қаржы ұйымдарына 63 млн.нан астам қаржы құйыпты. Қазіргі таңда қылмысқа барған екі азамат сот үкімі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылған.

Сурет https://egov.kz/ сайтынан жүктелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.