Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантиндік шектеулер күшейтіледі

c 12:05, 14/07/2021 c 783

0:00 / 0:00

Аймақта осы аптадан бастап карантиндік шектеулер күшейтіледі.БҚО әкімі Ғали Есқалиев жедел штаб отырысында коронавирустың таралу көрсеткіші былтырғыға қарағанда 2,5 есе жоғары екенін хабарлады. Айтты. Сәйкесінше қайтадан карантиндік шаралар 17-ші шілдеден бастап өз күшіне енетін болады. Әсіресе, маусым мен шілде айларында аудандарда эпидахуал нашарлап отыр. Мәселен Казтаолов, Жәнібек пен Шыңғырлауда ауру жұқтырғандар саны артып отыр. Жағдай бұл аудандарда жақсармайтын болса, қосымша аурухана төсектерін ашуға тура келеді.Жедел штаб отырысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков өңірдені вакцина алушылар туралы мәліметті ұсынды. Оның айтуынша қазір тұрғындар тарапынан вакцина алуға ынта жоғары. Бұған дейін мұндай белсенділік сәуір айында байқалған.17 шілдеден бастап карантин талабы күшейтілмек. Жаңа қаулыда сауда үйлерінің, спорт кешендерінің жұмыс кестесін қысқарту, «Ashyq» қосымшасына тіркелмеген нысандар қызметіне тыйым салу, демалыс күндері қоғамдық көлік пен ашық базарлар жұмысын уақытша тоқтату қарастырылған. Облыс әкімі Ғали Есқалиев карантин режимін күшейтуді қолдайтынын айта келіп, карантиндік талаптар егде жастағыларға психологиялық тұрғыда әсер етінін ескеріп бірқатар ашық аспан астында шаралар ұйымдастыруды сала өкілдеріне тапсырды.Айта кеткен жөн облыста алдағы уақытта барлық мекемелер ашық жүйесін жұмысқа енгізуі тиіс. Қазіргі уақытта «Ashyq» қосымшасына облыс бойынша 610-нан астам нысан тіркелген. Қазіргі уақытта осы қосымша арқылы 54 (28-і – «қызыл», 26-сы – «сары» дәрежесі) адамның карантин талабын сақтамай, көше кезіп жүргені анықталған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.