0:00 / 0:00
Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сүйенсек, елде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 5689 адамды құрап отыр. Оның 2558-і індеттен жазылып шықты. Өкінішке орай бүгін елордада екі адам көз жұмып, елде қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны 32 адамды құрап отыр. Өздеріңізге мәлім, елде төтенше жағдай режимі аяқталды. Бірақ карантин жалғасуда. Өңірлердегі ахуалға орай карантин талаптары жеңілдетілуде. Ертеңнен бастап елордада асханалардың жұмысы басталады.
Нұр-Сұлтанда қауіпті індеттен екі адам көз жұмды. Елорданың денсаулық сақтау басқарамысынң басшысы Сәуле Қисықованың хабарлауынша, 1958 жылы туған әйел адам жекеменшік медициналық мекемеде дәрігер болып қызмет еткен. Ол шамамен он күн бойы үйінде болып, өз бетінше емделген. Жағдайы нашарлаған соң барып ауруханаға түскен. Бірақ реанимациялық іс-шараларға қарамастан қайтыс болды. Ал екіншісі 1977 жылы туған ер адам індетті отбасында туысынан жұқтырған. Науқас соңғы жылдары басқа аурулармен ауырған. Кеше жансақтау бөлімінде көз жұмған. Осылайша, елде аты жаман аурудан қайтыс болғандар саны 32 адамды құрады. Жалпы елордадағы коронавирусты жұқтыру ахуалы 7 пайыздан аспай тұр. Яғни бұл көрсеткіш қаладағы карантин талаптарын жеңілдетуге мүмкіндік беріп отыр.
Жанна Пралиева –Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері; «16 мамырдан бастап індет жұқтырғандар саны 7 пайыздан аспаған жағдайда мемлекеттік ұйымдардың 50 орындық асханалары ашылады. Ол жерде бір ретте 30 адам қабылдауға болады. Асханалар таңғы сегізден кешкі 17.00 дейін жұмыс істейді. Кәсіпорындардағы асхана жұмысын өздері белгілейді.Ертеңнен бастап мешіттер, шіркеулер жұмысы жанданады. 18 мамырдан бастап коронавиурс жұқтыру ахуалы 5 папйыздан аспаса дәмханалар, мерймаханалар ашылады. 50 адамға дейін ғана қабылдауға рұқсат»
Әзірге той жасауға, ас беруге, ауызашар өткізуе тиым салынған. Ойын -сауық орталықатры, моншалар, театрлар жабық. Жалпы карантин қашан аяқталады деген сұраққа келсек, оған қауіпті індеттің таралуы азайғанда ғана қол жеткіземіз.
Сәуле Қисықова – Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы; «Аймақта, біздің қала-Нұр-Сұлтанда 7 күн ішінде коронавирустың таралуы 7 пайыздан аспаған жағдайда карантин жеңілдетіледі. 8 мамырда 7,1 пайызды құрады. Сондықтан 9-16 мамыр аралығында егер ауырғандар саны 7 пайыздан аспаса ертеңнен бастап карантиннің бірінші кезеңі алынады. Келесі 7 күнде 5аапйыздан аспаса, карантиннің екінші кезеңі, ал одан кейінгі жеті күнде індеттің таралуы 2 пайыздан аспаса үшінші кезең алынып, карантин аяқталады».
Айта кету керек, елордада 12 мамырдан бастап қоғамдық көліктердің қозғалысына рұқсат берілді.