Жазғы демалыс уақытында кәмелетке толмаған балалар жұмыс жасап, ата-анасына қолғабыс қылып, көмектесіп жатыр. Алайда, жұмыс берушілер 18 жасқа толмаған жандарды жұмысқа алып, арнайы еңбек шартын жасаспай, заңды аяқ асты қылып жататын деректер кездеседі. Мәселен, еңбек заңнамасына сәйкес, 14 жасқа толған бала ата-анасының жазбаша рұқсатымен, 4 сағаттан аспайтын жеңіл жұмыс жасауы тиіс. Кәмелет жасқа толмаған жандардың құқығы аяқ асты болмауы үшін полиция қызметкерлері арнайы рейд ұйымдастырған болатын. Шара барысында қала бойынша 20-дан астам құқық бұзушылық фактілері анықталып отыр. Құқық қорғау саласының мамандары бұл деректердің баршасын еңбек инспекциясына жолдаймыз дейді. Кәмелет жасқа толмаған балаларды ана-анасының рұқсатынсыз жұмсаған және олармен еңбек шартын жасаспайтын кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.