Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қала бюджеті бекітілді

c 16:48, 28/08 c 71

Орал қаласының бюджеті бекітілді. Кірістер мен шығыстарды есептей отырып, бюджет 82 млрд теңгені құрады. Қыруар қаржы қайда жұмсалмақ?

Қалалық мәслихаттың 14 ші кезектен тыс сессиясы өтті. Мұнда халық қалаулылары 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджетін бекітті. Сонымен
облыстық, республикалық трансферттер мен өз кірісінің есебінен қазына қаржысы толықты. Барлық өзгертулерге сәйкес шаһар бюджеті 82 млрд теңгені құрап отыр.

Мәслихат сессиясы қызу өтті. Халық қалаулылары әкімдік қызметкерлері тек қоғамдық кеңеспен кеңесіп, ақша сомасын арттырып отыр деп сынға алды. Тіпті, қоғамдық кеңесті тарату туралы ұсыныс та айтылды. Мәслихат сессиясында су тасқынынан зардап шеккен үйлерді сүру жұмыстарына қаражаттың көп бөлінгеніне шүйлікті. Қала әкімінің орынбасары қаржының есебін айтып берді.

Жыл сайын қала күніне қарсаңында шаһардың дамуына үлес қосқан жандарға "Орал қаласының құрметті азаматы" деген атақ беріледі. Ол кандидатураны мәслихаттың депуттаттары таңдап, қолдауы шарт. Жылдағы дәстүрден жаңылмай,
сессия барысында шаһар басшысының орынбасары келіп түскен ұсыныстарды оқып, кандидаттарды таныстырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.