Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қайтарылмаған қарыздар: борышкерлермен күрес күшейді

c 18:19, 02/07/2018 c 897

0:00 / 0:00

Орал қаласында борышкерлердің 690 жылжымайтын мүлігі мен 45 авто көлігін пайдалануға тыйым салынды. "Жайық жылу қуат" АҚ бережақтарын төлемей отырған жандармен күресті күшейтіп, үй-үйді аралауды жалғастыруда. Бүгін коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері арна тілшілерімен бірге Короленко көшесі 32 мекен-жайындағы үйге арнайы барды.

Коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері пәтерлерді аралап, есіктерінен қаққанымен борышкерлермен жүздесу мүмкін болмады. Себебі бірі сөйлесуден қашқақтаса, енді біреулері үйінде болмай шықты. Айта кетейік, қала тұрғындарының "Жайық жылу қуат" АҚ алдындағы борышы 507 млн. теңгені құрайды.
Ал коммуаналдық кәсіпорын газ үшін Қазтрансгазаймақ АҚ-на 244 млн. теңге бережақ. Бұл соманы уақытылы жаба алмауы салдарынан көгілдір отын беру тоқталып, қала тұрғындары ыстық сусыз қалған болатын. Соған қарамастан борышкерлер қарызды өтеуге асығар емес.
Алдағы күндері бірлескен түрде қарыздарды өндіріп алу шаралары жалғасын табатын болады.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.