Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Індеттің шарықтау шегі мамырда болады

c 19:22, 20/04/2021 c 697

0:00 / 0:00

Елміздің бас дәрігері Алексей Цой тағы да болжамын айтты. Министрдің оптимисті болжамы бойынша, егер ковидке қарсы екпе кестеге сай жүргізілсе тәулігіне 3 мың науқас тіркеліп, індеттің шарықтау шегі сәуір аяғының соңына келеді. Ал реалистік сценарий бойынша тәулігіне 4 мың науқас вирус жұқтырып, ковидтің шарықтау шегі мамырдың ортасында болады. Індетпен тек екпе жасату арқылы күресе аламыз деген минситр, кей өңірлерде вакицнациялау жұмысы баяу жүріп жатқанын айтты. Експе кестесінен артты қалып жатқан өңірлер қатарында Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау, Қарағанды облыстары тұр.айта кету керек, үкімет қазынадан пандемияға қарсы шараларға қосымша 265 миллиард теңге бөлді.

Денсаулық сақтау министрі елдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты тағы да болжам жасады. Қазақстан 22 күн бойы қызыл аймақта тұр. Еліміздің 8 өңірінде карантин күшейтілген. Сәуір айында індетке қарсы екпе жасау жұмысы да қарқындаған. Дегенмен, ковид жұқтырған науқастар саны азаяр емес. Бүгін республика бойынша 2500 астам адам вирус жұқтырғаны мәлім болды.  Министр Цой індеттің шарықтау шегі мамыр айының оратсына дейін баруы мүмкін дейді.

Алексей Цой – ҚР денсаулық сақтау министрі -"Оптимистік сценарий бойынша вакциналау науқаны кестеге сай жалғасқан жағдайда, тәулігіне 3 мың науқасқа дейін тіркеледі, коронавирустың шарықтау шыңы сәуірдің соңына келеді. Ал реалистік сценарий кезінде вакциналау кестеге сай жүрген жағдайда тәулігіне вирус жұқтырған 4000 адам тіркеліп, шарықтау шыңы мамырдың ортасында болады деп болжануда"

Министрдің айтуынша, иммунитеттің түзілуіне белгілі бір уақыт қажет, сол себепті бірінше кезеңде вакциналаудың тиімділігі аса байқалмайды. Ал одан кейін вакцинаның тиімділігі күшейіп, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанады. Қазіргі таңда өңірлерге вакцина жеткізіліп жатыр. Осы айдың соңына дейін  екі миллион адамды вакциналау жоспары тұр. Алайда, Цойдың бұл жоспарын кей өңірлер уақыты орындай алмайтын сияқты. Екпе жасау кестесінен үш аймақ артта қалып отыр.

Алексей Цой – ҚР денсаулық сақтау министрі «Бекітілген кестеден үш өңір артта қалып тұр. Олар - Нұр-Сұлтан қаласы және Маңғыстау, Қарағанды ​​облыстары. Осыған байланысты аталған аймақтардың әкімдіктері вакцинация кестесінің сақталуын қамтамасыз етуі керек. Қолданылмаған вакциналар басқа аймақтарға таратылатын болады»

Вакцинация жасау  пунктері сауда орталықтарында, базарлар мен ұйымдасқан ұжымдарда ашылуда. Бұл жерлерде демалыс күндері де адамдарға вакцина салынады. Үкімет

2021 жылға арналған республикалық бюджеттен пандемияға  қарсы шараларға қосымша 265 миллиард теңге бөлді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.