0:00 / 0:00
Бүгін қазақ ғылымының атасы-Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығы. Соынмен қатар елде ғылым қызметкерлерінің мерекесі. Осы айтулы датада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің ғалымдарын жинап, ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізді.Тоқаев экономиканың маңызды салалары бойынша кәсіби мамандар даярлау жұмысын күшейту керек. Кез келген жетістік, ең әуелі, адамға, яғни адам капиталына тікелей байланысты. Сондықтан жас ғалымдарды жан-жақты қолдау қажет деді. Ол үшін грант жыл сайын жас ғалымдарға байқаулар арқылы берілетін гранттың қаржы көлемі артатын болады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Казір жас ғалымдарымыз әлемдегі жетекші зерттеу орталықтарында стажировкадан өте алады. Бұл – жақсы үрдіс. Оны жалғастыра беру қажет. Менің тапсырмаммен жүзеге асырылып жатқан «Жас ғалым» бағдарламасының тиімді екенін көріп отырмыз. Оның ауқымын кеңейту керек. Яғни оған ғылыми институттарда және ұйымдарда жұмыс істейтін жас мамандарды қосуға болады. Сондай-ақ ғалымдарға докторантурадан кейін шетелде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беру қажет. Олардың зерттеу жұмысымен алаңсыз айналысуына жағдай жасау керек. Ғалымдар лайықты стипендия алуға тиіс. Шетелде тәжірибеден өткен азаматтардың ішінде докторанттардың үлесі – небәрі 1,6 пайыз. Бұл – өте аз. Үкімет олардың қатарын көбейту үшін нақты шаралар қабылдауы қажет»
Сондай-ақ, Президент ғылым және орта білім саласында табысты реформалар жасалғанымен, тың өзгерістер жоғары оқу орындарынан кадрлардың кетуіне әкеп соқтырғанын айтты. Ғылыми атағы бар білікті оқытушылар жалақысы көп мектептерге және ғылыми ұйымдарға ауысып кетті. Яғни бәрі жалақыға келіп түрілепі отыр. Тоқаевтың мәліметінше, қазір университет профессорлары мен оқытушылары арасында ғылыми атағы бар мамандардың үлесі 40 пайыздан сәл асады. Бұл үрдіс докторант пен магистрант қана емес, бакалавр даярлаудың сапасына да кері әсер етеді. Құзырлы министрлікке нақты шара қабылдауы тиіс,-деді Мемлекет басшысы.
Ал өндіріс орындарына қажетті маман дайныдап ышғу үшін, жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнату керек. Бізде ол жоқ.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ « Жоғары оқу орындарының кемшін тұсы – ғылыми зерттеулердің сапасыз жасалуы. Сондай-ақ өндіріс орындарымен тұрақты байланыс жолға қойылмаған, ал кейбір оқу орындарында мүлде жоқ деуге болады. Білім ордаларының басым бөлігі жұмыстың тиімсіз әрі ескірген тәсілдерін қолданып келеді.Жалпы университеттер мен ғылыми ұйымдар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосатын стратегиялық орталық болуы керек. Сондықтан Үкіметке арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырамын»
Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі су тасқыны кезінде білікті мамандар мен ғалымдардың тапшылығы айқын сезіліп отырғанын айтты. Еліміздің бұрынғы ғылыми әлеуеті мен инфрақұрылымын жоғалтып алдық", - деді президент.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Өкінішке қарай, Қазақстанда ондаған жыл бойы ғылымға жете мән берілген жоқ. Шынын айту керек. Еліміздің бұрынғы ғылыми әлеуеті мен инфрақұрылымын жоғалтып алдық. 40 мың ғалым 90-шы жылдардағы қиын кезеңде ғылымнан мүлде қол үзді. Кейбір институттар сақталып қалғанымен, жалпы ғылым біртұтас жүйе ретінде қатты әлсіреп кетті. Осының салдары енді көрініп жатыр. Біз еліміздің ғылыми әлеуетін қалпына келтіруіміз керек»
Ал талай ғалымдарымыз шетел асқанын да білеміз. Мемлекет басшысы сыртта жүрген отандастарды өз зерттеулерін Қазақстанда жалғастыруға шақырды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ "Бүгінгі жиында шетелдік ғылыми орталықтарда табысты жұмыс істеп жүрген ғалымдарымызды Қазақстанға қайтару маңызды деген пікір айтылды. Бұл ұсынысты қолдаймын және отандастарымызды өз зерттеулерін Қазақстанда жалғастыруға шақырамын. Мемлекет өз тарапынан мұндай ғалымдарға ұйымдастырушылық тұрғыдан және қаржылай нақты көмек көрсетеді. Шетелде жұмыс істейтін ғалымдарды бұған дейін де шақырғанбыз. Осы мәселені мұқият ойластыру керек".
Елдің қарқынды дамуы үшін ғылымның алар орны ерекше. Қазіргі заман талабы-жаңа технологияларды енгізу. Азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін де ғылымның алар орын бөлек.Ол үшін ғылымға жағдай жасалуы керек.