0:00 / 0:00
Фарм бизнеске қысым жасалуда! Еліміздегі дәріханалар денсаулық сақтау министрлігінің ковидке қарсы дәрілердің шекті бағасын бекіткен жаңа бұйрығынан зардап шегеміз деп дабыл қағуда. Осыған орай дәріхана бизнесін өрбітіп отырғандар елордада дөңгелек үстел өткізіп, министрліктен аталмыш бұйрықты алып атстауды талап етті. Себебі, осы бұйрыққа сәйкес, дәріханада сатылатын дәрі құны көтерме бағадан да төмен болып тұр. Бұл фарм бизнесті шығынға батырады деп отыр олар.
Ертең денсаулық сақтау министрлігінің ковидке қарсы дәрілердің шекті бағасын бекіткен жаңа бұйрығы күшіне енеді. Осыған сәйкес, дәріханаларда тиісті перпараттардың бағасы төмендетіледі. Алайда, бұл бұйрық фарм бизнеске үлкен қауіп төндіріп отыр. Ковидке қарсы дәрілердің шекті бағасын бекіткен министрліктің бұл әрекетін фарамцевтер негізсіз, бағаны төбеден алып қоя салған дейді. Бұйрыққа сәйкес, 200 астам дәрінің бағасы төмендетілген. Бұл әрине тұтынушылар үшін жақсы жаңалық. Алайда, дәріханалар құны көтерме бағадан да төмен дәрілерді сатпаймыз деп отыр. Мұның соңы, жаздағыдай дәрі тапшылығна, контрабандаға жол ашады дейді белсенді топ.
Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізімде ковидке қарсы емдейтін дәрілерге түк қатысы жоқ препараттар да бар дейді фармацевтер.
Айта кету керек дөңгелек үстелге денсаулық сақтау министрлігі мен бизнестің қамын ойлап жүретін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері шақырылған екен. Бірақ олар қарасын көрсетпеді. Министрліктен аталмыш бұйрықты алып тасатуды талап еткен отандық фармацевтер, бұл мәселе шешімін таппаса Президентке үндеу жолдаймыз деп отыр. Денсаулық сақтау министрлігі болса, бұл орайда тұтынушылардың мүддесін қорғауда.
Бүгінде республика бойынша 15 мыңға жуық дәріхана бизнесін өрбітіп отыр