0:00 / 0:00
Сенаторлар бюджеттің тиімсіз шығыстарын қысқартуды ұсынды. Бүгін өткен Сенаттың онлайн жалпы отырысында 2019 жылғы бюджеттің атқарылу барысы қаралған болатын. Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирус пандемиясы мен оған қатысты дағдарыс жағдайында қазіргі мемлекеттік шығындарды қайта қаралуы керектігін айтты. Қажет болса мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компания қызметкерлерін қашықтықта жұмыс істеуге көшіріп, шығынды қысқартуға болады деді спикер. Ал сенатор Мұрат Бақтиярұлы халықтың ең төменгі жалақысын көтеруді ұсынды. Себебі, біздің ел бұл көрсеткіште көршілерден әлдеқайда төмен.
Қазына қаржысын жұмсауда үнемділік қажет болып отыр. Падемия мен әлемдік экономкиалық дағдарыс көрпеңе қарай көсілу керек. Сенаторлар байқағандай бюджеттен негізсіз мақсаттарға млрдтаған қаржы шығындалады екен. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компания қызметкерлерін кеңседе ұстамай қашықтықта жұмыс істетіп те шығынды үнемдеуге болады деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. Депутаттардың айтуынша, қазірдің өзінде көбі онлайн режимде жұмыс істеуде. Тиісінше іссапарға немесе көліктік шығындарға шығатын қаражатты үнемдеп отыр.
Мәулен Әшімбаев –ҚР парламент сенатының төрағасы; «Мемлекеттік қызметкерлердің, ұлттық компаниялардың қызметкерлерінің бір бөлігін қашықтықта жұмыс істеуге көшіре отырып, шығыстарды қысқартуға болады Жалға төленетін немесе ғимаратты ұстап тұру үшін кететін, көліктік мақсаттағы да шығындарды қысқартуға мүмкіндіктің бар-жоғын зерттеп, зерделеу керек.Бүгінгі жағдайда стратегиялық маңызы жоқ мемлекеттік шығыстарды қысқарту керек.Мысалы, консалтингтік және зерттеу қызметтері. 2019 жылдың бюджетінде 43 млрд теңге осы мақсаттарға жұмсалған. Ал мұндай қызметтердің тиімділігі сұрақ тудырады ».
2019 жылы 428 млрд теңге тиімсіз жұмсалған. Бұл өткен жылдардағы көрсеткіштен үш есе көп. Ұлттық қор бюджеттің үштен бір бөлігін құрап отыр. Ал халықтың нақты табысы 5,5 пайызға артты. Бірақ олардың тапқан –таянғанының басым бөлігі азық-түлікке кетіп жатыр. Есеп комитетітің төрағасы Годунова ханымның айтуынша, қазақстандықтардың табысы қанша артқанымен, инфляция жеп қойып жатыр. Азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар құны да өсуде.
Наталья Годунова –ҚР есеп комитетінің төрағасы; «Халықтың табысы 5,5 пайызға өскен. Біздіңше бұл жақсы көрсеткіш. Өйткені бірнеше жыл бойы табыс өсімі болған жоқ.Инфляция жеп қойып жатты. Алайда, халықтың шығысының 50 пайызы азық-түлікке кетіп жатыр. Банктерден алған несиелері көбейді. 2019 жылы тұтынушылық несие халықтың табысынан 15 пайызға артып кетті. Сөйте тұра, елде халық үшін маңызды жобалар қабылданды. Құны 52 млрд теңгені құрайтын 43 жоба бар. Алайда олардың атқарылу барысы 5 жылдан асып кеткен.Оны жалғастыру үшін ресурс керек. Аймақтарда қаражат жоқ »
Сенатор Мұрат Бақтиярұлының пікірінше, қазақстандықтардың табысы көрші елдерден әлдеқайда аз. Ол үкіметке елдегі ең төменгі жалақысын көтеруді ұсынды. Себебі, бұл көрсеткіште де біздің ел артта қалып отырмыз.
Жыл сайын үкімет халықты жұмыспен қамтуға млрдтаған қаражат жұмсайды. Алайда, жұмыссыздар саны азаяр емес. Еңбек нарығында жағдай әлі де тұрақталмай отыр. Ал халықтың табысын инфляция жеп жатыр.