0:00 / 0:00
Сенбі күні Елордасы Астана қаласынан келген 47 бүлдіршін бүгін облыстық өлкетану мұражайында болды. 50 шақты оқушы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының төңірегінде іске асып жатқан "Туған жер" кіші бағдарламасының аясында Батыс Қазақстан облысына табан тіреген еді. Оқушылар Сырым ауданына саяхат жасап, киелі жерлермен танысып, облыс орталығының тарихымен танысуда.