0:00 / 0:00
Ел астанасына қатаң карантин енгізілуі мүмкін. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитары Жанар Пралиева егер қала тұрғындары эпидемологиялық талаптарды сақтамайтын болса, локдаунға қайта ораламыз деді.Оның айтуыша, қаладағы мектептерде оқу жылының басында ковид жұқтырған алты оқиға тіркелді. Жұқпалы вирус таралып жатса да, бизнес субьектілері карантин талаптарын бұзуда.
Елордалық 31 мектепте карантин талабы бұзылды. Бас санитардың айтуынша, қаладағы барлық 91 мектеп бойынша санитарлық тексеру жүргізілген. Нәтижесінде карантин талаптары бұзылған дәйектер анықталды. Жаңа оқу жылының басталғанына бір ай болды. Кезекші топта оқып жатқан оқушылар арасында ковид жұқтыру орын алуда. Нұр-Сұлтанда алты оқиға тіркелді.
Санитарлық дәрігер өкінішке орай елордалықтар карантин талабын бұзып отырғанын айтады. Бизнес субьектліері тарапынан заң бұзушылықтар көп тіркелуде. Әкімшілік жауапқа да тартылып жатыр. Карантин енгізілгеннен бері кәсіпкерлік нысандарға жалпы сомасы 122 миллион 520 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Бірақ бұл оларды тоқтатып отырған жоқ.
Енді Пралиева ханым, қала тұрғындары эпидемиологяилық талаптарды бұзуын тоқтатпаса, тағы да локдаун енгіземін деп қорқытты.
Әрине қаупіті індеттің таралуы күн сайын азаюда. Дегенмен, әлі де ауруханаларда өмірі үшін күресіп жатқандар бар. Дәрігерлер санитарлық норманы бұзбай шыдамдылық танытсақ, екінші толқынның болмауы да мүмкін дейді. Ал егер арқаны кеңге салып, босаңсып кетсек елде тағы да локдаун енгізіліп, экономикамызға кесірі тиеді. Бизнес тағы бір мұндай шектеуді көтере алмауы мүмкін. Дегенмен, ғалымдар карантиндік шаралар ковидті жеңбейді. Бұдан тек вакцина алып құтыла аламыз десе. Ал енді біреулері адамдарда ковидке қарсы тұра алатын иммунитет қалыптасып кетті деген ойларын да ортаға салады.