Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Электр энергиясы қымбаттайды

c 20:38, 01/11/2019 c 713

0:00 / 0:00

Алдағы желтоқсан айынан бастап елде электр энергиясының тарифі  6-7 пайызға қымбаттайды. Бұл жайында бүгін өткен бирифингте Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшылығы хабарлады. Энергетика станцияларында тариф шамамен 15% көтерілді. 44 станцияның 32-сі бойынша тариф өсті. Бұл әрине соңғы тұтынушының қалтасына  күш түсіреді. Яғни жаңа жылдық сыйлық ретінде-қазақстандықтар қымбат энергия көзін тұтынатын болады.

Мемлекет басшысы елдегі тариф бағасын реттеуді тапсырған болатын. Президент жолдауында халық пен монополистердің арасында кері байланыс орнатып, тариф мәселелерін жүйелі жүргізу айтылғанды. Әзірге монополистердің халыққа бет бұрғанын көріп тұрған жоқпыз. Қазақстандықтарды жаңа жылдық  сыйлық күтіп тұр. Алдағы желтоқсан айынан бастап электр энергиясының тарифі 6-7 пайызға қымбаттайды.

Табиғи монополияларды реттеп отырған комитет тарифтердің бағасын реттеуде құзыры жүрмейтін жерлердің барын айтып ақталды. Монополистермен тариф бағасын өсірмейді деген 5 жылдық келісім бар. Алайда, энергетиктер бағаны көтерді. Электр энергиясының қымбаттауына реттелмейтін көмір бағасы әсер етсе, теміржол билеттерінің құнына да жанар-жағар майдың нарықтық бағасы себін тигізеді. Аяғында бұл жүйе қарапайым тұтынушының қалтасын қағады.

Ал басқа сала яғни су, жылу беру тарифтері де көпке ұзамай қымбаттауы мүмкін. Ол алдағы екі жылдың еншісіндегі мәселе. Осылайша атына заты сай болмай отырған табиғи монополияларды реттеу комитеті тек бағаның шарықтап кетпеуін ғана бақылайды. Алайда осы шаруаның өзін құзырлы орган ойдағыдай атқарып отыр ма деген сауал туады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.